Қатты дауыл ОҚО тұрғындарын әбігерге салып жатыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қатты дауыл ОҚО тұрғындарын әбігерге салып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов пен ОҚО ТЖД басшысы А.Путейко дауылдың салдарынан зардап шеккен Отырар ауданында болып, зақымданған нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнында жүрген арнайы жұмыс тобы мұнда тұрғын үйлер мен 4 мектеп, 1 балабақшаның, сонымен қатар, Маяқұм ауылындағы №30 жекелеген өрт сөндіру бекетінің шатыры ұшып, ғимараттарға айтарлықтай зиян келгенін анықтады. Ал Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданындағы 1 нысанға қатты зиян келгені белгілі болды.
Табиғаттың тосын мінезінен болған оқыс оқиғаның салдарына куә болған аймақ басшысы жауапты сала мамандарына жеке тұрғын үйлердің шығындарын тіркеуге алып, істі бақылауға алу арқылы жергілікті халыққа барынша жағдай жасау керектігін тапсырды.
Еске салайық, кеше, 14 маусым күні сағат 22:30-23:25 аралығында ОҚО аумағында жылдамдығы 25-30 метр болатын күшті жел Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласындағы 300-ден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып, ағаш және электр бағаналарына зиян келтірген болатын.
ОҚО ТЖД мамандарының алдын ала мәліметінше, күшті желден толық немесе жартылай ғимараттардың шатырлары ұшып кеткен. Атап айтқанда, тұрғын үйлерге, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге, емдеу мекемелері мен мемлекеттік мекемелерге, коммерциялық объектілерге, ағаш және электр бағаналарға зиян келтірілген. 
Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы комиссия құрамы жұмыс жүргізіп, келтірілген шығынның көлемін анықтап жатыр. Зардап шеккен адамдар жоқ. 

«Қазгидромет» орталығы мамандарының болжамынша, мұндай ауа райы өңірде әлі екі күнге созылады.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Атышулы блогер Шымкенттің бас тәртіп сақшысын ауруға теңеді

Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметіндегілердің жұмысы тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, елдің алғысына ие болып үлгерген болатын. Аталған мекеме құрыла жергіл...

Korrespondent.kz Қоғам

Инфаркт алған актер Сәбит Әбдіхалықов әлі ауруханада жатыр

Инфаркт алып, ауруханадан бір-ақ шыққан қазақстандық актер Сәбит Әбдіхалықовтың жағдайы бірқалыпты. Әзірге ол медицина мекемесінен шыққан жоқ.

Korrespondent.kz Мәдениет

ІІМ: "Ауруханада жатқан Есентаеваны суретке түсіріп, желіде таратқан адамды табамыз"

Полицейлер Баян Есентаеваның ауруханадағы фотосын таратып жiберген адамды iздестiрiп жатыр. Бұл туралы журналистерге Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтып берді. Және де министр бұл жағдай соң...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter