Шымкентте пәтерін жалға бергендер полицейлермен төбелесіп қалды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте пәтерін жалға бергендер полицейлермен төбелесіп қалды

Фото: otyrar.kz

Шымкентте пәтерін жалға беріп, нәпақасын тауып отырған тұрғындар полицейлермен жаға жыртысып қалды, деп хабарлайды Отырар арнасы.

 

 

Жергілікті тәртіп сақшылары кезекті рет рейдке шықты. Қаланың қақ ортасында заңсыз кәсібін дөңгелеткендер көп қабатты үй тұрғындарының тыныштығын бұзған. Осы жолғы рейд барысында пәтерін заңсыз жалға беретін азаматты құзырлы орган өкілдері жауапқа тарта бергені сол еді, оның ұлы дөрекелік танытып, жұдырықтаса жөнелді.

Тәртіпке бағынбаған жігітке бір полицейдің шамасы жетпеді. Жағаласудың соңында бір топ қызметкерлер жігітті қоршауға алды. Соның өзінде ол қарсылық танытып, кінәсін мойындағысы келмеді.

Құзырлы орган өкілдері рейд жұмыстарын қаладағы Жангелдин және Айбергенов көшелерінде жүргізді. Өйткені мұнда жалдамалы пәтер иелері жолға шығып, саудаларын қыздырып тұрады. Күнделікті айқай шу мен жеңіл жүрісті қыздардың қылығына тосқауыл қоя алмаған тұрғындар тыныштығын бұзғандарды жазалауды сұранып, талай есікті қаққандарын айтады.

Шымкентте пәтерін сағаттап, тәуліктеп жалға беретіндер көп. Алайда нақты саны әлі күнге дейін анықталмаған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мәсімов орнынан кетуі мүмкін

Сейсенбі күнгі өзгерістерге қарағанда жуық арада Мәсімов орнын босататын сияқты. Оған себеп – француздардың оны жемқорлық бойынша айыптауы ма, әлде қазақша сөйлей алмайтындығы ма, мүмкін, әкесінің жет...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін он...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы: "Қазақстан Президенті әйел адам болуы мүмкін... Менің де үш қызым бар"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентінің әйел азаматы бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter