Таңғы атыста оққа ұшқан лаңкес Таңатаров ауруханада жан тапсырды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Таңғы атыста оққа ұшқан лаңкес Таңатаров ауруханада жан тапсырды

Фото: topworldnews.ru

Бүгін таңертең Ақтөбенің ескі бөлігінде орналасқан Некрасов көшесі қоршауға алынды. Дәл осы жердегі атыс кезінде терактідеге қатысы бар деген лаңкестердің бірі Дмитрий Таңатаров жараланды. Оған кеуде тұсы мен аяғына бірнеше жерден оқ тиген. Лаңкес сағат 8:30-да ауруханаға жеткізілген. Алайда бірнеше сағат өткен соң Таңатаров жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Бүгін болған қарулы қақтығыс кезінде 2 полиция қызметкері жараланып, Темір жол ауруханасында жедел көмек берілді.

 

Айта кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде орын алған террорлық әрекетке қатысы бар лаңкестер тізімінде Дмитрий Таңатаровтың та есімі бар. Алайда ол бұл оқиғадан соң қашып, Некрасов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерде жасырынған. Күні кеше лаңкестің бауыры Владимир  "Одноклассники" әлеуметтік желісі арқылы іздеуде жүрген  ағасына видео үндеу жолдаған болатын.

"Дима, барлығы сені уайымдап жатыр. Таня әпкең уайымдап жатыр, жүрегі ауырып жатыр. Барлығымыз сені жақсы көреміз. Сені ренжіткен болсақ, кешірші бізді. Саған әрқашан жақсылық пен бақыт тіледік. (...) Сен үшін көп адам құдайдан медет сұрап отыр. Өтінемін, өз ісіңе өкініп, берілші. Қарудан бас тарт, таста. Жаныңдағылардың барлығынан қаруды тастауын сұрашы. Беріліңдер", - деп айтты лаңкестің бауыры.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да ақынның әйелі салафиттерге қарсы шығу керектігін айтып дабыл қақты

«Хабардың» бұрынғы тілшісі, ақын Ақберен Елгезектің жары Дина Елгезек Ақтөбедегі орын алған лаңкестік әрекеттен соң елдегі жағдайға алаңдатушылық білдіріп отыр. Салафиттік ағымнан келетін қатерден қау...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкенттік кәсіпкер әйел  мемлекет қаржысын қалтаға басуға болатын  бағдарламаны айтып берді

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутат әрі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау барысындағы шикіліктердің бетін ашты. Кәсіпкер не себептен аталған б...

Korrespondent.kz Экономика

Қорасына лаңкес түнеп шыққан ақтөбелік тұрғын әлі есін жия алмай жүр

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасап, іздеуде жүргендердің біреуі  Қобда ауылының Білтабан көшесі №60 үйдің қорасына қонып шығыпты. Үйдің иесі Жантас Сүндетов осы оқиғадан әлі ес жия алмай отырғанын айтады...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter