Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Фото: yvision.kz

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін оны жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыру кейінге қалдырылған, деп хабарлады SKIFNEWS.KZ.

 

"Қиындықтар артта қалды деп ойлаймын. Жағдайы жақсарып келеді. Орнынан тұрып, жүріп жүр. Шамамен сенбі күні ауруханадан шығарсақ па деп жоспарлап отырмыз", - дейді Талғар аудандық ауруханасы директорының емдеу жұмыстары бойынша орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, Баян Есентаеваның бүгінгі жағдайы көңіл көншітерлік.

"Ол мықты әйел. Дәл мұндай жарақатты рухы мықты адам ғана жеңе алады. Ол тіпті, мүлдем дәрігерге шағым айтқан жоқ" дейді Е.Сәрсенбаев.

Көз дәрігерлерді де Есентаеваның жанарына төніп тұрған қауіптің жоқ екенін айтуда.

Ал, Алматы олыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары танымал продюсерді ауруханадан шыққаннан кейін де ем қабылдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, Баян Есентаеваны 10 маусым күні өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев соққыға жығып, ішіне бірнеше рет пышақ тығып алған болатын. Отбасылық дау-жанжалдың басты себебі қызғаныш болған көрінеді. Мұнан кейін жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев екі ай уақытша қамауға алынды. Мамандардың айтуынша, Есентаев 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  Отандық БАҚ таратқан ақпарға сенсек, Есентаева бұған дейін де күйеуімен жанжалдасып, тіпті ажыраспақ болған екен. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мәсімов орнынан кетуі мүмкін

Сейсенбі күнгі өзгерістерге қарағанда жуық арада Мәсімов орнын босататын сияқты. Оған себеп – француздардың оны жемқорлық бойынша айыптауы ма, әлде қазақша сөйлей алмайтындығы ма, мүмкін, әкесінің жет...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Елбасы: "Қазақстан Президенті әйел адам болуы мүмкін... Менің де үш қызым бар"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентінің әйел азаматы бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ...

Korrespondent.kz Саясат

Билік басына ұлтшылдар келсе не болады?

Соңғы кезде орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында «ұлтшыл-патриоттар» мәселесі жиі айтылып жүр. Мұны іліп алып, Ресей басылымдары да тақырыпқа май тамызып отыр. Қазақстанның орыс тілді тұрғындарын...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter