ОҚО-ның көне ауданында қамыстан құрылыс материалдары шығарылады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-ның көне ауданында қамыстан құрылыс материалдары шығарылады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының кәсіпкерлері қамысты кәдеге жаратуды қолға алды. Ауданның Қарғалы ауыл округінде орналасқан «Ақмерген» ЖШС-і жаңашыл жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті жерде көп өсетін табиғи қамысты пайдаланбақ. Теңдесі жоқ бұл өндіріс түрі республика бойынша Отырар ауданында ғана қолға алынып жатыр, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Аталған жоба «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында индустриалды картаға енген. Осы мақсатта жалпы құны 622,3 млн. теңгені құрайтын кәсіп түріне «Өндіріс - 2020» бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 320 млн. теңге жеңілдетілген несие берілген.

Қазіргі таңда мұндағы құрылыс жұмыстары бітіп, цехтың құрылғылары орнатылуда. Өндіріс орнына қамыс оратын, жинайтын және өзге де қажетті техникалар алынған. Жоба 2017 жылы толық іске қосылады деп күтілуде. Жылына 750 мың шаршы метр өнім өндіруге қауқары бар цех іске қосылғанда жергілікті 30-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Ал кәсіпорыннан шығарылған қамыс плиталары жиһаз жасау, ғимараттардың ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары мен қаптау үшін қолданылатын болады.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, нарыққа шығарылатын бұл өнімдер Ресей, Қытай материалдарынан арзан әрі сапалы болмақ. Дайын өнімдерге қазірдің өзінде қызығушылық артып, тапсырыс берушілермен алдын ала келісімдер жасалып қойылған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Троечниктер» 100 баллды қалай жинап жүр?

Оқушы болу оп-оңай. Дайын үй, дайын ас, дайын киім. Ал оқу бітірген күннен бастап қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік өмір басталады. Бір қарағанда ойын-күлкіден көз ашпайтындай көрінетін келеш...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

«Рэкеттер» қорқытып кетіпті дейді...

Оңтүстік облыстарға қарасты теміржол жағасындағы бір ауданның уәдесін орындамайтын, сусылдақ, жылтырбет, тайғақ мінез әкіміне «рэкеттер» келіп, тоқсаныншы жылдардағыдай қорқытып, «счетчик» ілмекші бол...

Korrespondent.kz Қоғам

Дәрігерге жарымаған науқас «доғдыр» болады

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшылары Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін түрлі көрсеткіш бойынша жақын көршілерімізбен салыстырып көріпті. Соның бірнешеуі бойынша Қазақс...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Өзбек спортшысы жынысынан жиреніп жүр

Өзбекстанның 21 жастағы спортшы қызы өзін ер адамдай сезінетіндіктен жыныстық мүшесін өзгертуге шешім қабылдаған. Бойжеткен 2009 жылы Өзбекстанда жеңіл атлетикадан қыздар арасында чемпион атаныпты. Ке...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter