Танымал продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Танымал продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті

Фото: www.newstaraz.kz

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

Оқиға 10 маусымда күндіз болған. Бірнеше тұрғындардың көзінше ер адам мен әйел адам сөзге келіп қалады.  Кейін ер адам әйелді ауыр соққыға жығып, бірнеше рет пышақтаған. Оқиға жанармай құю бекетінің маңында болады.

Қансыраған әйелдің Баян Есентаева екені анықталды. Оны соққыға жыққан күйеуі - Бақытбек Есентаев болып шықты.

Алдын ала болжам бойынша, Баян Есентаеваны күйеуі кеуде тұсынан пышақтаған. Оқиға куәгерлері дереу жедел-жәрдем шақырып, қансыраған танымал тележүргізушіге алғашқы көмек көрсетті.

Медициналық мекемедегі жазбаға сәйкес, Есентаева бас-ми жарақатын алған. Сонымен қатар, көп қан жоғалтқан продюсердің мұрны сынғаны да анықталды.

Жанармай бекетінің жанында ұсталған Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Бүгінде ол аталған оқиғаға қатысты тергеуге алынған.

Қазіргі таңда танымал тележүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қасында жақындары мен туыстары бар.

Алайда, кейін Есентаева бұл жағдайдың шындыққа жанаспайтынын айтқан. Ал Алматы облыстық ІІД бұл ақпаратты растап отыр. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін он...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Атышулы блогер Шымкенттің бас тәртіп сақшысын ауруға теңеді

Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметіндегілердің жұмысы тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, елдің алғысына ие болып үлгерген болатын. Аталған мекеме құрыла жергіл...

Korrespondent.kz Қоғам

Астана тұрғыны жаңа әжетхананың ашылуына қала әкімі Жақсыбеков келеді деген сенімде

Астаналық тұрғын Азамат Көшенов бас қаладағы Жастар сарайы маңында жаңа әжетхананың ашылуы болатынын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Тіпті ол дәрет сындыратын орынның ашылуына әкімнің өзі қатысатын...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter