ОҚО-да 25 жылда 1046 нысан салынған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да 25 жылда 1046 нысан салынған

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1046 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарында, яғни 1991-2015 жылдар ішінде облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 1046 нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтқанда, білім саласында 519, денсаулық сақтау саласында 348, әлеуметтік қамту саласында 8, спорт саласында 22, мәдениет саласында 22, мемлекеттік орган саласында 20 және өзгеде салаларда  127 нысанның  құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған.

Мемлекет тарапынан әлеуметтік нысандарға аса көңіл бөлініп отырғанын айтқан басқарма басшысы 2009-2014 жылдарында «100 мектеп, 100 аурухана салу» бағдарламасы аясында облыста 48 нысанның (мектеп-39, аурухана-9) құрылысы жүргізіліп, толық аяқталғанын. Ал «350 ДА, ФАП және емхана салу» жобасы бойынша жалпы 57 денсаулық сақтау нысаны салынып пайдалануға (1-емхана, 39-дәрігерлік амбулатория, 17-ФАП) берілгенін айтты.

Сондай-ақ, брифингте мәлім болғандай осы жылы облыста сомасы 44,6 млрд. теңге болатын 131 нысанның құрылыс жұмыстары жүруде. Оның 78-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Елбасының бастамасымен 2015 жылы халықтың әл ауқатын арттыру, өңірлерді дамыту мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарлама шеңберінде облысымызға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан барлығы 36 нысанға 18 537,7 млн.теңге. көлемінде қаржы қаралған. Оның ішінде - 1 нысан жатақхана құрылысы болса, 11 нысан инфрақұрылымдар құрылысы болып отыр. Ал 24 нысан апатты және үш ауысымды мектептер мен балабақшар салуға бөлініп отыр»,- деді С.Полатов.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да ақынның әйелі салафиттерге қарсы шығу керектігін айтып дабыл қақты

«Хабардың» бұрынғы тілшісі, ақын Ақберен Елгезектің жары Дина Елгезек Ақтөбедегі орын алған лаңкестік әрекеттен соң елдегі жағдайға алаңдатушылық білдіріп отыр. Салафиттік ағымнан келетін қатерден қау...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қорасына лаңкес түнеп шыққан ақтөбелік тұрғын әлі есін жия алмай жүр

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасап, іздеуде жүргендердің біреуі  Қобда ауылының Білтабан көшесі №60 үйдің қорасына қонып шығыпты. Үйдің иесі Жантас Сүндетов осы оқиғадан әлі ес жия алмай отырғанын айтады...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкенттік кәсіпкер әйел  мемлекет қаржысын қалтаға басуға болатын  бағдарламаны айтып берді

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутат әрі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау барысындағы шикіліктердің бетін ашты. Кәсіпкер не себептен аталған б...

Korrespondent.kz Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter