ОҚО-да полицейге оқ атқан азамат құрықталды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да полицейге оқ атқан азамат құрықталды

Фото: izvestia.ru

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өз әріптестеріне оқ жаудырған азаматты құрықтады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

Оқиға үстіміздегі жылдың 31 мамыр күні Төлеби ауданында орын алған болатын.Жедел-іздестіру шара барысында Ленгір-Жаңакүш тас жолына жақынорналасқан орманда мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстауда белгісіз азамат полицейге қарай оқ жаудырып, белгісіз бағытқа жасырынған. Салдарынан Төлеби аудандық ІІБ  жедел уәкілі, 1983 жылы дүниеге келген полиция майоры  Спандияр Темірбеков аяқ тұсынан жарақат алып, аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оң жақ жамбасынан бірнеше оқ жарақатын алған полицейге дәрігерлер ота жасады.
Аталған жайт аудандық бөлімнің СДТТБТ тіркеліп ҚР ҚК 380-бабымен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» қылмыстық іс қозғалды.
Апта өткен соң, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1968 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, бірнеше рет мал ұрлығы бойынша сотты болған азаматты құрықтады. Күдікті кінәсін толық мойындады.
Оның үйін тінту кезінде айғақты зат ретінде 16 калибрлі аңшы шолақ мылтығы  тәркіленді. Бұл жайт бойынша «Ұрлық» және   «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптары бойынша іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің қылмысқа қатысты сыбайласын анықтау үшін қосымша шаралар атқарып жатыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мәсімов орнынан кетуі мүмкін

Сейсенбі күнгі өзгерістерге қарағанда жуық арада Мәсімов орнын босататын сияқты. Оған себеп – француздардың оны жемқорлық бойынша айыптауы ма, әлде қазақша сөйлей алмайтындығы ма, мүмкін, әкесінің жет...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін он...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы: "Қазақстан Президенті әйел адам болуы мүмкін... Менің де үш қызым бар"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентінің әйел азаматы бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter