Допинг дауына іліккен Ильин басшылық бұл мәселені шешіп береді деген сенімде
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Допинг дауына іліккен Ильин басшылық бұл мәселені шешіп береді деген сенімде

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемионы Илья Ильин өзін допинг қолданды деп айыптаған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Тіпті оны естіген спортшы есеңгіреп қала жаздағанын жасырмады. Бұл туралы спортшы инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

 

«Ақпаратты естіп шалқамнан түстім. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережеcіне сәйкес, мен туралы барлық ақпарат "ADAMS" халықаралық жүйесінде тіркелген. Онда менің әрбір сағатыма дейін жазылып тұр. Бұдан бөлек, менің жаттығудағы және жаттығудан тыс уақыттарым да көрсетілген. Мен допингке қарсы агенттік өкілдері үшін әрдайым ашық әрі қолжетімді болып келемін. Биылдың өзінде Польшада және Алматыда екі рет допингке қатысты сынақтан өттім. Өздеріңіз білесіздер, бірде-бір халықаралық жарыс допинг сынамасыз өтпейді. Мен де барлық спортшы секілді 2004 жылдан бері сынама тапсырып келемін. Барлығының нәтижесі  теріс болып шығатын.

Мен Риодағы Олимпиадаға дайындығымды жалғастыра беремін  және соңына дейін күресетін боламын. Спорт саласындағы басшылық бұл іске білек сыбана кірісті, маусымның ортасында нәтижесі белгілі болып қалар деп ойлаймын. Менің Олимпиадаға қатысуға өтініш беру үшін шілденің ортасына дейін уақытым бар. Маған тағылған кінәнің жөнсіз екенін дәлелдей аламыз деп ойлаймын",-деді чемпион. Одан өзге Ильин өмірінің 20 жылын спортқа арнағанын айтып, халықтың қолдауына зәру екенін жасырмады.

"Маған қатысты  қандай шешім қабылданса да, мен өмірімнің 20 жылын күніне 3 реттен  жаттығумен, таза еңбекпен, тіпті кейде жарақатпен спорт залда өткізгенімді білсеңіздер деймін.  Мен әрдайым елімнің, халқымның алдындағы жауапкершілікті  сезініп, тек жеңіс үшін күрестім. Осы уақытқа дейін сіздер мені қуанышта да, қиын сәттерде де қолдап келдіңіздер. Қазір де сіздердің қолдауларыңызға сенім артамын. Сіздердің Ильяларыңыз", - деп жазды Ильин.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, бұл шетелдік БАҚ-тың Ильинді допинг қабылдады деп таратылған ақпараттан соң жазылған мәлімдеме. Және де Халықаралық Ауыр алтелика федерациясы ақпарат құралдары жария еткен мәліметтен соң қазақстандық төрт спортшыны жарыстан шеттетті. Олар: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Майя Манеза.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter