ОҚО-да аудан әкімі мектеп асханасынан тамақтанып, қоластындағыларын ұялдырып қойды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 14 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да аудан әкімі мектеп асханасынан тамақтанып, қоластындағыларын ұялдырып қойды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов орталықта орналасқан лицей-интернатқа барып, оқушылардың тіршілігімен танысып қайтты. Соның ішінде білім алушылардың бес мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне аса мән берді, деп хабарлайды  аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Мектепте берілетін тағамның сапалылығымен танысу мақсатында әкім оқушылармен бірге асханадан дәм татты. Ескертусіз кіріп келген аудан басшысы осылайша біраз жайттың мән-жайына куә болды. Себебі жауапты қызметкерлер аудан басшысының бірнеше сұрақтарына толыққанды жауап бере алмады. Атап айтқанда, әр балаға беріліп отырған тағам мөлшері қандай нормативтік құжаттармен рәсімделетіндігіне, ассортиментте көктемгі мезгілде жас баланың организміне қажетті тағамдардың (жеміс-жидектермен, салат т.б.) неліктен жоқтығына қатысты жауап табылмады. Ол аз дегендей мектеп асханасында күнделікті ас мәзірі туралы ақпарат қабырғаға ілінуі былай тұрсын, тіпті бекітілмеген де болып шықты. 
Аралау қорытындысымен Ерлан Айтаханов  білім бөлімі мен барлық мектеп басшыларына мектептерде берілетін тағамдардың сапалылығына ерекше назар аударып, қажеттілігіне қарай ата-аналар комитеті мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан тиісті бақылау жүргізілуін ұйымдастыруды тапсырды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Ақбөпе
0 Ақбөпе 12.04.2016 07:02
Осылай күтпеген жерден тосын сыйлар көп болса талай дүние түзелер еді. Жоғарыдағы ағаларымыз да қара халықтың халін біліп тұрсааа .асқа жарымай уй куйсіз жүргендер қаншамааа.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік кәсіпкер әкімдіктегілерге велосипед сатып алып берді

Шымкенттік кәсіпкер әкімдік қызметкерлеріне велосипед сатып алып берді. Нәтижесінде ретсіз сауда орындарымен күресетін мамандар жаяу жүрмейтін болды. Әл-Фараби ауданының қызметкерлеріне жеке кәсіпкер ...

Korrespondent.kz Қоғам

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter