Шымкент жұртты жеміспен қарық қылмақшы
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 12 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкент жұртты жеміспен қарық қылмақшы

Фото: old.qamshy.kz

Шымкент тұрғындарды жеміспен қарық қылмақшы. Күні бүгіннің өзінде қаланың 50 гектар жеріне 33 мыңнан астам алма, алша, шабдалы, алмұрт секілді жеміс көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шымкенттің 2475 гектар болатын жасыл белдеуіне 3 млн. 281 мың ағаш көшеттері отырғызылды. Жасыл желектерді егу мен күтім жасау жұмысын жүргізетін «Жасыл аймақ» коммуналдық мекемесі 2248 га жерге - 2 810 000 дана қарағаш, 125 га жерге – 416 600 дана терек, 52 га жерге - 21 700 емен көшеттерін екті. 

«Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілді.Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га құрайтын «Ақтас», аумағы 300-ге жуық гектар болатын «Бөржар» мен 100 гектарлық «Қайнарбұлақ» учаскелері.

Осыған дейін қаладағы 2564 га жерге ағаш көшеттері егіліп, нәтижесінде, жасыл аймақтың аумағы 5 мың гектарға жетті. Отырғызылған көшеттердің барлығы дерлік жергілікті тәлімбақтардан алынып отыр.

Айта кетейік, алдағы уақытта көшеттерді өзімізде өсіру үшін арнайы 20 гектар жерге тұқымбақ салынбақ. Онда қылқан жапырақты ағаш түрлері мен ақ қайың өсіру және басқада ағаш көшеттерін өсіру қолға алынады деп жоспарлануда.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

"Ринат Зайытов Назарбаевтың адамы екен" (видео)

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Ринат Зайытов туралы пікірін білдіріп, тіпті оның сөзінен ұстазым деген Ринаттың көлеңкесінде қалып қойғаны туралы өкінішін білуге болады. Ғаламторда әншінің кезекті...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкенттің «шіріген» байлары кімдер?

«Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда». Бұл мәтелдің пайда болғанына көп жылдар өтсе де, әлі күнге дейін ақшасы бардың әмірі жүріп тұрғаны рас. Көп адамның санасын рухани құндылықтардан гөрі, ма...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Сіздің елдің азаматы кім?

Қызқұмар ақын

Белгілі ақын әрі жазушы танымалдылығын пайдалана ма, әлде басқа да себептері бар ма, әйтеуір жас қыздардың қыр-соңына түсуді әдетке айналдырып алыпты. Ұзынқұлақтың айтуынша, әлгі ақын Шымкент былай тұ...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Астаналық кәсіпкер депутаттардың үйлеріне деп тіккен перделерінің ақшасын қайтара алмай жүр

Астаналық жеке кәсіпкер Ақмарал Ардаубаева 2 жылдан бері депутаттардың қызметтік баспанасына деп тіккен перделерінің ақшасын қайтара алмай жүр. Ол анау-мынау емес 25 миллион теңгесін жоқтайды. Бизнесм...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter