Ресей Қазақстанның жүк көліктері арқылы пайдаға қарық болмақшы
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ресей Қазақстанның жүк көліктері арқылы пайдаға қарық болмақшы

Фото: kaz.caravan.kz
Фото: kaz.caravan.kz
Ресейдің тас жолы Қазақстанның жүк көліктеріне ақылы болмақ. Былтыр қарашада шыққан заң 15 сәуірден бастап жүзеге асырылады.  Жүрілген жолдың ақысы шақырымына шамамен 6 теңгені құрайтын болады. Жалпы жыл сайын Қазақстанның 10 мың транзиттік жүк көлігі Ресей арқылы өтіп, қайта қайтады екен. Ресей жерін басып өтетін жүк көліктері шамамен бір бағытта 2500 шақырым жүреді, деп хабарлады Алматы арнасы. 
 
"Біз ешқандай жаңалық ашып отырған жоқпыз. Бұл жүйені еуропалықтар қолданады. Мәселен, тас жолда жүк тасып қаражат табатындар, тас жолға келген шығындарды өтеуі керек. Қазақстанның жүк тасымалдайтын компанияларынан мәселе туындамайды. Олар төленуі тиіс салықтарын, айыппұлдарын уақытылы төлейді",- деді ресейлік компанияның директоры Антон ЗАМКОВ.
 
Еліміздегі жүк тасымалымен айналысатын компания өкілдері айтылған бағамен келіспей отыр. Айтуларынша, тас жолдың сапасы да мәз емес. Сәйкесінше, Қазақстанның автокөлік тасымалы одағы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне туындаған түйткілге байланысты шағым жазып, мәселені шешіп беруін сұрап отыр.
© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter