ОҚО-да қоқыс алаңында туысын сабап, өлтіріп қойған ер кісі ұсталды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 17 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да қоқыс алаңында туысын сабап, өлтіріп қойған ер кісі ұсталды

Фото: piter-piter.ru

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өз туысын өлтірді деген күдікпен 55 жастағы азаматты құрықтады, деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

Ағымдағы жылдың 8 наурыз күні Сайрам АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінен шығып кеткен жұбайы қайта оралмай, хабарсыз кеткенін мәлімдеген. Арада бір аптаға жуық уақыт өткенде Сайрам АІІБ-нің кезекші бөліміне Ақарас ауылына баратын тас жолдың бойындағы қоқыс тастайтын орынның жанында әйел кісінің мәйіті жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 
Оқиға орнына жедел жеткен  тергеу тобы жәбірленушінің бір апта алдын хабарсыз кеткен Сайрам ауданының тұрғыны екенін анықтады.
Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде 1971 жылы туылған жәбірленушінің көптеген ауыр дене жарақаттарынан қайтыс болғаны анықталды. Аталған жайт Сайрам АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Сайрам АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында  аталған қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің туысқаны, яғни, 1961 жылы туылған жергілікті тұрғын құрықталды. 
Тергеу барасында анықталғаны қылмыс туысқандар арасындағы жанжалдан туындаған. Сол күні күдікті  ағасының баласының әйелімен, яғни жәбірленушімен сөйлесу мақсатында     «Опель Вектра» маркалы автокөлігіне отырғызып, Ақарас ауылына барар жолдағы қоқыс тастайтын орынға апарған. Сол жерде жәбірленушіні өлімші етіп сабап, өзі оқиға орнынан бой тасалаған. 
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-быбымен «Адам өлтіру» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. 
Қазіргі таңда полицейлер аталған ауыр қылмыстың орын алу барысы мен себептерін анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Жаужүрек мың бала» фильмінің монтажері «Еуразия» бірінші арнасы таратқан "сенсациялық" видео қолдан жасалған деп кесіп айтты

«Жаужүрек мың бала» фильмінің монтажын жасағандардың бірі Марат Телеуов «Еуразия» бірінші арнасының жердің сатылуына қатысты наразылық танытқандардың ақшаға сатылды деп айыптаған бейнематериалын қолда...

Korrespondent.kz Қоғам

ҚР ІІМ: "Жай митингке шыққандардың соңына түспейміз"

Жер кодексіндегі өзгертулер мен түзетулерге қарсы шыққан қазақстандықтар Атырау, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Жаңаөзен және Қызылорда қалаларында митинг өткізген болатын. Наразы топ жер шетелдіктерге сатыл...

Korrespondent.kz Қоғам

Қайрат Нұртастың директоры әншінің әйелі фильмде басты рөлді сомдайды деген ақпаратты жоққа шығарды

Отандық бірқатар ақпарат құралында Қайрат Нұртастың әйелі әртістің жаңа фильмінде басты рөл сомдайтыны жайлы хабар тараған болатын. Тілшілер бұл мәліметті әнші Сиви Махмудиге сілтеме жасай отырып хаба...

Korrespondent.kz Мәдениет

Қосылғыштың орны ауысқанымен...

Отставкаға кеткен ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін басқаратын болды. Досаев аталған министрлік тізгініне 2014 жылдың тамызында тағайындалған. ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter