Малахов алматылық бүлдіршіннің Рымбаевадан асып түсетін жұлдыз болатынына күмән келтірмеді (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 15 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Малахов алматылық бүлдіршіннің Рымбаевадан асып түсетін жұлдыз болатынына күмән келтірмеді (видео)

Фото: zheltaya.ru

Алматылық Әмина есімді кішкентай блогер екі сіңлісімен бірге танымал тележүргізуші Андрей Малахов пен  мәскеулік жұртшылықты күлкіге қарық қылды.

Ақпарат құралдарында Малғаждар әулетінің үш кішкентай қызының ғаламторда жұлдызға айналғаны туралы жазылып та, айтылып та жүр. Үш бүлдіршін өзінің актерлік шеберліктерін ғаламтор қолданушыларына әлдеқашан дәлелдеп қойған. Олардың орындауымен түсірілген комедиялық жанрдағы түрлі қысқа видеолар интернетте көп қаралып, ел тани бастады. Жақында алматылықтарды ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов «Пусть говорят» шоуына шақырған болатын. Әмина ата-анасымен бірге сіңлілері Әлия және Аружанмен Мәскеуге барып қайтты. Бағдарлама барысында көрермендер Әминаның бейнесюжетіне көздеріне жас алғанша күліп, ал Андрей Малахов бүлдіршіннің Роза Рымбаевадан асып өтетін танымал болатынына еш күмән келтірмеді. Тележүргізуші Әмина түскен әйелдер жайындағы  видеоны 8 наурыз қарсаңында өзінің бүкіл достарына таратқанын да айтып қалды. Одан бөлек «Сіңліңнен планшетті қалай тартып алу керек?» деген тақырыппен түсірілген видеоны 6 миллион адам көріп үлгерген. Айтпақшы, ағайынды қыздар Мәскеудің қызыл алаңында да бірқатар туындылар түсіріп қайтыпты.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

АҚШ компаниясы Головкинге табанында Қазақстан ту бейнеленген аяқ киім сыйлады (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF версияларының орташа салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин Jordan Brand атрибутикасын шығарушылармен келісім-шартқа отырды. Бұл ж...

Korrespondent.kz Спорт

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter