Startup Tour нәтижелері белгілі болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 14 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Startup Tour нәтижелері белгілі болды

Алматыда өткен Startup Tour-ға бүкіл Қазақстаннан 600-ден астам үміткер кәсіпкер мен ғалым қатысты. Осымен қазақ жерінде екінші рет ұйымдастырылған шараға Almaty TechGarden мен Almaty Management University қолдау көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша инновациялық нарықтағы танымал сарапшылар мен инвесторлардың оң бағасын алған 19 жоба анықталды.

 

Алдын-ала таңдаудан өткен командалар жұмысын беделді сарапшылар мен инвесторлар бағалады.

«Қазақстанда былтыр тұңғыш рет өткен Startup Tour-мен салыстырғанда биылғы байқауға ұсынылған жобалардың саны да, сапасы да айтарлықтай артқан. Бұл турдың негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстандағы инноваторлар мен стартаптарға мүмкіндігінше қолдау көрсету болды», - деді Игорь Караваев, «Сколково» қорының вице-президенті.

Әділ-қазылар алқасы шара аясында өткен сессияларда таныстырылған жобалар ішінен 20 жеңімпазды іріктеп алды. «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Руслан Бармашев ( «Онлайн рендер-ферма Kazrender» жобасы)

2 орын – Әділ Нұрсан («KazMotors» жобасы)

3 орын – Бауыржан Рүстемов ( «ReactDelivery» жобасы) және Әмір Қасеев («ВТМ» жобасы)

«Энергетика және энерготиімді технологиялар» бағыты бойынша жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Гайнур Токтаров,

2 орын – Петр Нестеренков,

3 орын – Наталия Выхрест

«Биологиялық және медициналық технологиялар» саласы бойынша да үш орын тағайындалды:

1 орын – Илья Блохин

2 орын - Динара Молдағалиева

3 орын – Алим Хаимтов

Бұдан бөлек «Өндірістік технологиялар мен материалдар» және «Ауылшаруашылығындағы және өндірістегі биотехнологиялар» бағыттары бойынша Андрей Махотин, Махсот Қасымбаев, Максим Никонов, Арман Тосқанбаев, Жарылқасын Садықов пен Ақбота Айтбаева жеңімпаз деп танылды.

«Мен осымен екі жыл қатарынан Алматыдағы байқауға қазылық еттім. Қатысуышлардың ізденістері мен талаптары адам қызығарлықтай. Биыл 100-ден астам өтінім қабылдады. Бұл былтырғымен салыстырғанда едәуір көп. Финалға 16 компания шықты. Келесі жылғы байқау бұдан да қызықты, әрі тиімді болады деген сенімім мол», - деп ағынан жарылды Иван Киреев, «Сколково» қорының даму және ақпараттық технологиялар директоры. 

«Сколково» қоры барлық финалистерге Ресейде 2016 жылдың 2-3 маусымында Ресейде өтетін ең   ең ірі Startup Village шарасына арнайы шақыртулар берді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік кәсіпкер әкімдіктегілерге велосипед сатып алып берді

Шымкенттік кәсіпкер әкімдік қызметкерлеріне велосипед сатып алып берді. Нәтижесінде ретсіз сауда орындарымен күресетін мамандар жаяу жүрмейтін болды. Әл-Фараби ауданының қызметкерлеріне жеке кәсіпкер ...

Korrespondent.kz Қоғам

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter