Елші Ертісбаевтың ерсі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Дүйсенбi, 4 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Елші Ертісбаевтың ерсі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)

Фото: sayasat.org

Қазақстанның Грузия еліндегі Елшісі Ермұханбет Ертісбаевтың әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді. Ол футболдан Қазақстан құрамасының грузиялықтармен өткен жолдастық кездесуі барысында мемлекеттік әнұран орындалған сәтте оң қолын жүрек тұсына емес, іш аумағына қойған. Елші әнұранды бірге шырқау туралы тіптен ойланбаған да сияқты. Қазақстандық желі қолданушыларының бірі тіпті оны жұмыстан кетіру керек деп пікір қалдырған. 

 

Ал алаңға шыққан қазақстандық барлық футболшы ерекше емеурінмен мемлекеттік әнұранды орындап шыққан. Бір қызығы, спорт журналисті әнұран шырқаған сәтте оны бірге орындамақ түгілі, «екі қойың бір сом» секілді, қолын да жүрек тұсына қоймай, терең ойға батып тұрған. Қайта оның қасындағы кәсіпқой футбол клубының вице-президенті Бағлан Ергешев әнұранды қоса шырқамаса да, мемлекеттік рәмізге құрмет көрсеткен. Мемлекеттік гимн шырқалып жатқан кезде  қолындағы смартфонын шұқылап тұрғандар да бар. Бұл көрініс ғаламторға тарап, қызу талқыға түсті. 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter