Әнші Майғазиев «Ninety One» тобына сырға тағып, шаш бояу жақсылыққа апармайтынын айтты (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 10 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Әнші Майғазиев «Ninety One» тобына сырға тағып, шаш бояу жақсылыққа апармайтынын айтты (видео)

Фото: medya.todayszaman.com

Сыртқы болмыстарының ерекшелігімен қоғамның басым көпшілігінің наразылығын туғызған «Ninety One» тобының жігіттері әлі де даудан арыла алмай жүр. Cыртқы келбеттері қазаққа жат деп таныған қоғам белсенділерімен қатар діндарлар жігіттердің «Айыптама» атты әніне түсірілген бейнеклипінде сатанизм мен масондардың белгілері бар екенін айтқан болатын. Алайда топ продюсері бұл сөзбен келіспейтіні туралы мәлімдеме де жасаған. Топ шығармашылығын тоқтатқан жоқ. Елге танымал әнші Сәкен Майғазиев жігіттерге өз кеңесін беріп те үлгерді. Отандық арналардың біріндегі «РЕВЮ» бағдарламасына берген сұхбатында  әнші Майғазиев топ мүшелерін трансвистит болу секілді шайтани істерден аулақ болуға шақырғанын жасырмаған.

 

«Бір жыныстылыққа, Алла сақтасын трансвистит дейді, қыз қызға, еркек еркекке үйленіп жатқан шайтани тірліктерге жақын болмаңдаршы. Жұрттар көзін бояп, сырға тағып, шашын бояғаннан кейін ол жақсылыққа апармайды. Балалар еліктейді. Әсіресе сендерді тыңдайтындар жас жеткіншектер, мектеп оқушылары. Солардың бағытын бұзбаңдар. Әп-әдемі біздің «Ринго», «Орда» топтарына ұқсап әдемі жүруге болады ғой деп айттым»,- деді өнер иесі Сәкен Майғазиев. Онымен қоса Майғазиев өнердегі әріптесі Мейрамбек Беспаевтың осы тақырыпқа қатысты айтқан қалжыңын да еске салды. «Мейрамбек бірде ертең олар үйленген кезде әйеліне «жаным, менің сырғамды көрдің бе?» дейді ме деп қалжыңдап еді» деген Майғазиев күлкісін жасыра алмады.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Сен
+1 Сен 07.04.2016 01:09
Ринго мүмкін Динго аты шетелше заты қазақша мүмкін бұл топты жабайы ит тобы деп атаса керемет болар еді
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Дариға Назарбаеваны алдаудың "көкшетауский варианты"

Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева күні кеше Көкшетауға іссапармен барып, біраз нысандарды аралап көрген еді. Мемлекет басшысының қызы №2 мектепке барып, оқу процесімен танысқан. «Қуырдақт...

Korrespondent.kz Саясат

Журналистерге "балалар" деп сұхбат берген депутат Қарақұсова өз ісіне өкінді (видео)

Төртінші билік өкілдеріне «балалар» деп қарата сөйлеген мәжілісмен Гүлжан Қарақұсова енді топырлаған журналистерге сұхбат бермейтінін мәлімдеді. "Пекин Палас" қонақүйінде бірқатар әріптестері уақытша ...

Korrespondent.kz Саясат

Шымкенттік оқушылар ойнаймын деп басы дауға қалды

ОҚО полицейлері мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысқандардың кімдер екенін анықтады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Депутаттар мекен еткен қонақүйдің әр бөлмесі 29 мың теңге болып шықты

Мемлекет есебінен берілетін үйге әлі орналасып үлгермеген депутаттардың қонақүйде бір күн түнеуіне қазынадан 120 мың теңге төленетіні туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ел ішінде наразылық тудырып, х...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter