Ұлттық гвардия полковнигі граната жарылысынан сарбазды өз денесімен жауып құтқарып қалды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 10 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Ұлттық гвардия полковнигі граната жарылысынан сарбазды өз денесімен жауып құтқарып қалды

Фото: nur.kz

Алдын ала тергеу оқу-жаттығулар кезінде гранатаны лақтыруы тиіс болған № 6505  әскери бөлімінің жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанкұлов РГД-5 гранатасын тым жақын қашықтыққа лақтырғанын анықтады. Жерге құлаған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы жазды. 

 

"Полковник Қайрат Үмбетов өмірін қатерге тіге отырып, бірден сарбазға қарай жүгірген. Ол өз денесімен сарбазды жауып үлгеріп, жігітті аман алып қалған", - дейді Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Қазір полковник пен қатардағы сарбаздың жағдайлары бірқалыпты. Олар айтарлықтай ауыр жарақаттанбаған. Жарқыншақты иық пен аяқ жарақаттарын алған.

Еске салсақ, 7 сәуір күні сағат күндізгі 11-де Қарағанды облысы, Қарабас ауылында полигондағы оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери граната жарылды. Салдарынан екі әскери адам жарақат алды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Руза
0 Руза 07.04.2016 20:57
Керемет екен! Сирек болатын жағдай! Алланың нұры жаусын, полковник! Бақытты бол, бауырым!
Жауап беру
Айнаш.К.К
0 Айнаш.К.К 09.04.2016 10:47
Халқымыздың сіз сияқты батыр, әрі жауапкершілікті жақсы түсінетін, жауапты сәтте тез шешім қабылдайтын ұлдары көп болса екен. Рахмет сізге! Сіздің тәрбиелеп отырған сарбаздарыңыз сізден көп үлгі алсын. Еңбегіңіз жемісті болсын, тәрбиелеп отырған ұл- қыздарыңыз өнегелі,бақытты болсын.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Дариға Назарбаеваны алдаудың "көкшетауский варианты"

Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева күні кеше Көкшетауға іссапармен барып, біраз нысандарды аралап көрген еді. Мемлекет басшысының қызы №2 мектепке барып, оқу процесімен танысқан. «Қуырдақт...

Korrespondent.kz Саясат

Журналистерге "балалар" деп сұхбат берген депутат Қарақұсова өз ісіне өкінді (видео)

Төртінші билік өкілдеріне «балалар» деп қарата сөйлеген мәжілісмен Гүлжан Қарақұсова енді топырлаған журналистерге сұхбат бермейтінін мәлімдеді. "Пекин Палас" қонақүйінде бірқатар әріптестері уақытша ...

Korrespondent.kz Саясат

Шымкенттік оқушылар ойнаймын деп басы дауға қалды

ОҚО полицейлері мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысқандардың кімдер екенін анықтады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Депутаттар мекен еткен қонақүйдің әр бөлмесі 29 мың теңге болып шықты

Мемлекет есебінен берілетін үйге әлі орналасып үлгермеген депутаттардың қонақүйде бір күн түнеуіне қазынадан 120 мың теңге төленетіні туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ел ішінде наразылық тудырып, х...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter