Шымкенттік блогер Дариға Назарбаеваға кеңесшілерін ауыстыру керектігін айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 5 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттік блогер Дариға Назарбаеваға кеңесшілерін ауыстыру керектігін айтты

Шымкенттік блогер Айгүл Орынбек Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаеваға айналасындағы кеңесшілерін ауыстырып, оны қарапайым халық арасынан таңдауға кеңес берді. Бұл туралы блогер «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 

«...Осы сізге оқитын «докладыңызды» кім жазып береді? Бүкіл халықтың алдында позорыңызды шығарып жүр, қуып жіберсеңізші. Кеше атамның жаңалығын контроль жасаймын деп, сізге қол тимеді. Біраз нәрсе айтып-айтып тастапсыз ғой. Балаларды шілдеге дейін оқытып күнге қақтайын деп жатсыз ба? Кім айтты сізге бұндай идеяны? ...Идея керек болса сұрасаңызшы бізден, тегін идея берем ғой. Халық та риза, сіз де риза... Сізге кеңес беретін адамды қарапайым халықтың арасынан алыңыз...» деп жазды А.Орынбек. Бұл жазбаға пікір білдіргендер Елбасы қызының мәлімдемесіне қарсы шықты.

Бірі «Балалар жаздың үш айында балалықтың қызығына бөленгені, миын сергітіп, витамин жинап, денсаулығын нығайтқаны дұрыс қой» деп ойын жеткізсе, екіншісі «Ішегім-ай, күлкіден ішегім қата жаздады-ау. Патшалар ұяттарын сарайында қалдырып кетеді ма осы, әлде олардың да кеңесшісі бар ма?» деп эмоциясын жасыра алмаған. Сонымен қатар  желі қолданушылары шілде кезінде Оңтүстік аумақтағы ауа райы тіптен ыси түсетінін, тек Шымкент емес, Маңғыстауда да аптап ыстық болатыныны туралы атап өткен. Айта кетейік, жақында ғана Премьер-министрдің орынбасары Назарбаева елдегі мектептердегі оқыту уақыты 1 маусымға дейін созылатынын айтқан болатын. «Елбасы айтқандай, биылғы жылы 1 сыныпқа баратын оқушылар аптасына бес күн оқитын болады. Бірақ оқу жылы 1 маусымға дейін созылады. Осыған дайын болуы керекпіз», - деді Д.Назарбаева.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік блогер Дариға Назарбаеваға кеңесшілерін ауыстыру керектігін айтты

Шымкенттік блогер Айгүл Орынбек Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаеваға айналасындағы кеңесшілерін ауыстырып, оны қарапайым халық арасынан таңдауға кеңес берді. Бұл туралы блогер «фэйсбук» әл...

Korrespondent.kz Қоғам

Желі қолданушылары оңтүстікқазақстандық 10 жастағы баланың ерлігін мемлекеттік наградаға лайық деп тапты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында суға ағып кеткен 3 жастағы бүлдіршінді мектеп оқушысы  аман алып қалды.

Korrespondent.kz Қоғам

Малахов алматылық бүлдіршіннің Рымбаевадан асып түсетін жұлдыз болатынына күмән келтірмеді (видео)

Алматылық Әмина есімді кішкентай блогер екі сіңлісімен бірге танымал тележүргізуші Андрей Малахов пен  мәскеулік жұртшылықты күлкіге қарық қылды. Ақпарат құралдарында Малғаждар әулетінің үш кішкентай...

Korrespondent.kz Қоғам

Келімбетов пен Досаевты қаражат жымқыру ісі бойынша сотқа шақыру сұралды

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясындағы қаражат жымқыру ісі бойынша айыпталушылардың бірінің адвокаты Ботагөз Бейсенова Ерболат Досаев, Қайрат Келімбетов және Әнуарбек Мусинді қосымша куәгер ретінд...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter