Веложарысқа екі түрлі шұлық киіп келген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Веложарысқа екі түрлі шұлық киіп келген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің спорттықшараға  екі түрлі шұлық киіп келіп, жұртшылықты күлкіге қарыққылды, деп жазады SKIFNEWS.KZ.

 

Кеше елордада билік өкілдерінің қатысуымен «Астана-Дуатлон-2016» жарысының өткені белгілі. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаған "элита" қатарында Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық банк төрағасы Болат Жәмішев және велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтар болды.

Жарыстың нәтижесі қоғамда сөз болған жоқ, жұрттың талқылағаны осы "элита" өкілдерінің киімдері болды. Әсіресе, әлеуметтік желі пайдаланушыларын Кәрім Мәсімовтің екі түрлі шұлық кигені күлкіге қарық қылды. Ал, оның спорттық жейдесін көрген жұрт "Мәсімов шаңғышы болып кеткен бе?" деп әзілдеп жатты. Сондай-ақ, премьер-министр мен мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатар тұрып түскен суретін көргендер француздар түсірген "Астерикс және Обеликс" фильмін есіне алып жатты.

Ал, шындығына келгенде, Мәсімовтің киген киімі де, мінген велосипеді де арзан дүние емес екені көзге оттай басылды. Оның екі түрлі шұлығы расында білместіктен емес, қазіргі жастар арасында, әсіресе футболшылар арасында "мода" екенін айта кету керек.

Жарыстың қорытындысына келер болсақ, ерлер арасында 29 жастағы Евгений Непомнящний және әйелдер арасында 16 жастағы Жанерке Асан абсолютті чемпион атанды. Олар сәйкесінше, 56,10 минут және 1 сағат 13,21 минутта мәреге жетті. Аталған қатысушылар 16-30 жас аралығындағы жеңімпаздар. Яков Козлов (1 сағ 1 минут) және Елена Пономарева (1 сағ 22 минут) 31-40 жас санатында жүгіруде топ жарды. 41-50 жас санатында Игорь Карачев (59,43 минут) және Татьяна Михалева (1 сағ 24 минут) көш бастады. 50 жастан асқандар арасында қалада өткізілетін барлық спорттық-бұқаралық шараларға тұрақты түрде қатысып жүрген Болат Жәмішев үздік болды, ол қашықтықты 1 сағ 9 минутта бағындырды деп жазады Astana.kz.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мақпал Жүнісова: "Мен жылына екі-ақ рет сыра ішемін, как все нормальные люди"

"Мақпал Жүнісова өсекті өзі тарататын сияқты көрінеді бізге кейде. Жақында əншінің 35 жылдық мерейтойлық концертіне бардық. Кеш өте тамаша өтті. Сонда апайымыз: «Мен ғана сөйтетіндей, ютубке салып қой...

Korrespondent.kz Қоғам

Анасымен қарым-қатынасы суып кеткен Дана Нұржігіт "Асыл арнаға" өкпелі

Танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіттің  «Асыл арнаға» өкпесі бар тәрізді. Діни насихаттың бірбеткейлігінен туған анасымен арасы алшақтап бара жатқандығы туралы алаңдаушылығын тілші әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Веложарысқа екі түрлі шұлық киіп келген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің спорттықшараға  екі түрлі шұлық киіп келіп, жұртшылықты күлкіге қарыққылды, деп жазады SKIFNEWS.KZ. ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter