Белгілі кәсіпкер Төлешовтің қызметкерлері басшыларының былықтарын жайып салды
Атышулы кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің қызметкерлері басшыларының былығын жайып салды. Белгілі шымкенттік кәсіпкердің бостандыққа шықпайтынына көзі жеткен болуы керек, онымен бірге жұмыс істеген сыра зауытының басшылары құрылтайшысының масқарасын шығарып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Журналистерді зауытқа шақырған өндіріс орны директорының міндетін атқарушы, бас есепші, кадр бөлімінің басшылары мен заңгерлері Төлешовтен қорлық көріп келдік дейді. Айтуларынша, белгілі бизнесмен дүркіреп тұрған кезінде 4 әйелін сыра зауытына қағаз жүзінде орналастырып, әрқайсына ай сайын 2 миллион 200 мың теңгеден жалақы төлеп келіпті. Екі қызы да жұмысқа бас сұқпай-ақ қыруар жалақы алып отырған. Төлешовтің күзеті бар, көлігінің шығыны бар ай сайын 60 миллион теңге соған жұмсалған. Құрылтайшылары ақпанда ол қамауға
- Тоқтар Төлешов 5 жыл ішінде кассадан 8 жарым миллиард теңгені сұраусыз жұмсап жіберді. Жұмысшылардың орташа жалақысы 25 мың теңгеден аспайтын. Соның кесірінен айлықты да көтере алмайтынбыз, қарызымыз да көбейіп кетті. Енді ол қамауға алынғалы бері зауыт дағдарыстан шыға бастады, дейді сыра зауытының есепшісі Светлана Лукиных.
- Тоқтар Төлешов
- Тохтар Тулешов
- Шымкенттік кәсіпкер Төлешов
- Корреспондент
- қызық ақпарат