Шымкентте 17 жастағы жаяу жүргінші мерт болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте 17 жастағы жаяу жүргінші мерт болды

Фото: svopi.ru

Шымкентте 17 жастағы жаяу жүргінші көлік апатының құрбаны болды.  Яңни, бойжеткен ауруханада ес жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

25 маусым күні Шымкент қаласы Тәуке хан мен Қарасу көшелерінің қиылысында «Мерседес-бенц 300» маркалы автокөліктің жүргізушісі  жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлікті 1983 жылғы шымкенттік тұрғын тізгіндеген. Көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың барлығы да  жергілікті тұрғындар. Ал 17 жастағы қыз алған ауыр дене жарақаттары салдарынан қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда есін жинамаған қалыпта көз жұмды. Өзге екі жасөспірім дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.
Полицейлер «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуы» бабы бйоынша қылмыстық іс қозғады. Көлік апатына кінәлі азамат, «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қамауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мақпал Жүнісова: "Мен жылына екі-ақ рет сыра ішемін, как все нормальные люди"

"Мақпал Жүнісова өсекті өзі тарататын сияқты көрінеді бізге кейде. Жақында əншінің 35 жылдық мерейтойлық концертіне бардық. Кеш өте тамаша өтті. Сонда апайымыз: «Мен ғана сөйтетіндей, ютубке салып қой...

Korrespondent.kz Қоғам

Анасымен қарым-қатынасы суып кеткен Дана Нұржігіт "Асыл арнаға" өкпелі

Танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіттің  «Асыл арнаға» өкпесі бар тәрізді. Діни насихаттың бірбеткейлігінен туған анасымен арасы алшақтап бара жатқандығы туралы алаңдаушылығын тілші әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Веложарысқа екі түрлі шұлық киіп келген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің спорттықшараға  екі түрлі шұлық киіп келіп, жұртшылықты күлкіге қарыққылды, деп жазады SKIFNEWS.KZ. ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter