Автобус кондукторы тұрғынның қолын сындырып тастады
"Боевик" автобус кондукторларының қатары тыйылар емес. Екібастұзда осындай бір оқиға орын алды. Автобус кондукторы жолаушының қолын сындырғаны үшін жауапқа тартылып жатыр.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі бойынша 28 жастағы автобус кондукторына қатысты сот алды тергеу жүргізуде. Оған кондуктордың маршруттық жанжал барысында өзінен үш жас кіші қала тұрғынына дене жарақатын салуы себеп болып отыр. Жәбірленушінің қолының буыны сынғандықтан, медициналық көмекке жүгінді.
Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр.
- Екібастұз
- автобус
- автобус кондукторы
- кондуктор
- Корреспондент
- қызық ақпарат