Ертең, 9 маусым - Қазақстан үшін қаралы күн
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ертең, 9 маусым - Қазақстан үшін қаралы күн

Фото: gdb.rferl.org

Қазақстанда 9 маусым күні жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы  Мемлекет басшысының өзі ел тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде атап өтті.

 

«Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Айта кетейік, өткен жексенбіде, яғни, 5 маусым күні Ақтөбе терактілік шабуыл болды. Осы жағдайдан соң еліміз бойынша 40 күнге созылатын террорлық әрекеттің «сары» жүйесі енгізілді.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстандық журналист жан сақтау бөлімінде жатқан Есентаеваны "қарабет" болды деп айыптады

Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай күйеуінен таяқ жеп, тіпті ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен танымал продюсер Баян Есентаваның оқиғасына қатысты өз ойын фэйсбуктағы парақшасында жария етті...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әйелін әуежайдан пышақпен күтіп алған Бақытбек Есентаев 7 жылға сотталуы мүмкін

Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхаділұлы танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевты екі айға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Оның үстінен ҚР ҚК 21-бабы 2-бөлімі жән...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астананың бас мұғалімі қолына дипломын ала сала мектеп директор болған

Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевты жұлдызын жанған шенеунік деуге болады. Себебі ол жоғары оқу орнының дипломын ала салып, мектепке директоры болып тағайындалған. Ал дип...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter