Талмау тұс
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Талмау тұс

«Ескі қалаға» ешкімнің тісі батар емес

Таяуда телеарналардың бірі Шымкент қаласындағы «қызыл сызыққа» өтіп кеткен құрылыс нысандарының бұзылатыны жайлы хабар көрсетті. Әрине, заңсыз салынған құрылыс нысандары қаланың сәулет өнеріне айтарлықтай нұқсан келтіретіні белгілі. Бірақ, осынау нысан салынатын кезде қала басшылары қайда қараған деген ой келеді.

Жік-жікке бөлініп, ескерткіш салу - елдіктің белгісі емес!

Ынтымақ пен татулық әр кезде де ауадай қажет. Тату елдің тұғыры қашан да биік болатыны тарихтан белгілі. Тарихи деректерге көз жүгіртсең, дала халқының даналығы мен тапқырлығы, ел басқару саясатындағы ақылдылығы мен алдағыны болжай білетін көрегендігіне тәнті боласын. Небір қиын-қыстау замандарда, «тар жол тайғақ кешу» кезеңдерде көш бастап, елді аман-есен алып шығу жолында хандардың ықпалы зор болған. Сонымен бірге, елдің бірлігі мен ынтымағын ұйыстыра білген билер мен батырлардың, көсемдер мен шешендердің, ақын-жыраулардың да зор үлесі бар. 

Пәтер түгілі қора сатып ала алмайсың

Адамдар кейінгі кезде қалаға құмартып алды. Ауылдағы он бөлмелі үйін сатып, оның ақшасына қала іргесінен алақандай жер алады. Он бөлмелі үйдің оңайлықпен келмегенін ескерсек, қалалық болғысы келген қазақ ендігі жерде жаңадан алынған жер телімінің басын қарайтамын дегенше де бірталай азапты бастан кешпек.

Сауатсыз дәрiгер - сырқаттың соры

Біздің ұғымымыздағы дәрігер – ең мейірімді адам. Санада солай қалыптасты. Шыбын жаның шырқырағанда ең алдымен ауызға Алланы алып, содан соң дәрігерлерден көмек күтетінің рас. Бірақ кейінгі кезде осы бір ақ халатты абзал жандар деп әспеттеліп жүрген мамандық иелеріне деген кереғар көзқарас, екіұштылау пікір қалыптаса бастағаны ма, қалай өзі? Қоғамдық пікірге құлақ түрсеңіз, дәрігерлердің дәрменсіздігі, ақхалаттылардың алымқорлығы, мейірбикелердің мейірімсіздігі, жас мамандардың сауатсыздығы жайлы аз айтылмайды. Егер ұзақ-сонар кезек күтіп, әрең дегенде алдына жеткен науқасты бір-екі көрген болып, бірақ ешқандай ем-дом жасай алмай жоғарыға қарай жолдама берумен ғана шектеліп жатса, ондай дәрігерді дәрменсіз демегенде не дейміз?

«Бәйдібек ауданына керексіз болса, Сайрамға ауыстырсын»

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында Орынбай Тайманов атындағы елдімекен бар. Кеңес Одағының тұсында Төменгі Боралдай совхозы деп аталған ауылдың тыныс-тіршілігі қыз-қыз қайнап жататын. Аталмыш кеңшарда бір сиыр кешені, 15 шақты отар қой, 2 асыл тұқымды шошқа кешені, қаптаған тракторлар мен жүк машиналары, ертегідегідей егіні мен егістігі болған. Сондықтан да ауылдан мемлекетке жылына тонна-тонна ет, жүн, бидай өткізіліп жататын болса, тағы тонна-тонна сүтіңіз күнделікті тапсырылатын. Ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, нәпақасын тапқан ауыл халқы дән разы еді. Тұрмыстары тұшымды болатын. 

Талғамсыз мүсінші, талтайған ескерткіш

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей бәрі де күні кешеге дейін Астанадағы ескерткішке деген екіұдай пікірдегі елдің ұлардай шулағанынан шықты. Қосыла «жамырасайық» десек 11 жыл бұрын бой көтерген бойжеткеннің бейнесінің жалаңаштығын байқамағандардың бірі ретінде ұялдық. Бір шетінен енді көрмеген көзде жазық жоғын алға тартып, көзге ұрып тұрған соң үнсіз қалуға тағы қысылдық. Бірақ елімізде, елімізде деймін, әлемде мұнан да бөтен ескерткіш төңірегіндегі сорақылықтар толып жатыр екен-ау...

Қазығұрттағы аламан немесе цирк көрем десең, Ақжарға бар!

Сайлау деген қазақты екіге жарып бітетін болды. Кеше ғана бір-бірінің үйінен шықпай дос болып жүргендер сайлау күні баррикаданың екі шетіне шығып алып, мылтықсыз майданға көшті. Қырық рулы ел қоныстанған кішкентай ғана ауыл дем арасында өзара қырықпышақ болды да қалды.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналын су шайып кетуі мүмкін

Осыдан бірер жыл бұрын мемлекеттің миллиондаған қаржысын шығындап салынған канал күн өткен сайын екі жағасынан кертіліп, жарамсыз болып барады. Ақ алтынды алқаптарға су жеткізу мақсатында салынған алып каналдың екі ернеуі түгелдей бетондалмағандықтан бүгінде біраз бөлігі сумен бірге шайылып кеткен. Осылайша «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» аталатын каналдың ахуалы күн өткен сайын нашарлап барады. 

«Қара тізім» түземіз деп әкімнің беделін түсіріп алды

Басшы болу, әкім болу оңай емес. Әсіресе қасыңдағы көмекшілерің, қол астыңдағы қызметкерлерің аяқтан шалатындай әрекет етіп жүрсе, кеше ғана өзің отырғызған сол пенделерге зығырданың қайнайды. Қайта дұшпан көріп жүргендерің дос, қасыңдағы сенімді адамдарың сенімсіз болып шығады. 

Клубқа бардым, не көрдім?

Бүгінде Шымкентте ірілі-ұсақты жиырмаға жуық түнгі клуб жұмыс істейді екен. Ғаламторда өз-өздеріне жарнама жасаудан алдына жан салмайтын ойын-сауық ордасының біразына қоңырау шалып, жұмыс уақыты мен кіру ақысын сұраған едік. Көбісінің жұмыс кестесі жобалас болып шықты. Кешкі сағат 20:00-де жастарды құшақ жая қарсы алатын клубтар таңғы 5-6-ға дейін көпшілікке қызмет көрсетеді. Ал кіру құны жастар көп жиылатын жерлерде 3000-5000 теңге аралығында болса, кейбірінде кіру мерекеде болмаса, былайғы күндері ақысыз екен.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter