Ақталған «Алтын белгі»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақталған «Алтын белгі»

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

«Ебін тапқан екі асайды». Алдымен абыройға кенеледі, сосын танымал оқу орнына топ ете қалады. Мұның өзі екі асау емей немене? Жыл сайын мемлекет ҰБТ-ны қиындатудың әдісін тапқанымен халық та оған бола ұнжырғасын түсірмей, бір амалын тауып жатыр, әйтеуір. Мұндайда «әр қазақ менің жалғызым» деп қуанышын бөліскенімізбен, көз алдымызда жүргендердің неге, қалай жеткенін ішіміз біліп тұрады. Бірақ іш білсе де іштен тынамыз. Іштен тынсақ та күмәнмен қарап іштей көпке топырақ шашып аламыз. Іштей шашылған топырақ үшін сырттағыларға есеп бермейтініміз жақсы ә? Ал сырттай айтарымыз: «Алтын белгіні ақтағандар барлық марапатқа лайықты!»

Өткен оқу жылы басталарда ОҚО әкімі еліміздегі әрбір үшінші алтын белгі Оңтүстіктен шығатынын айтып қалып еді. Иә, биыл да бітіруші түлектер облысымызды жерге қарата қойған жоқ. Алайда алтын белгі алуды мақсат тұтқанның бәрі соған білімінің арқасында қол жеткізіп жатыр ма? Жәй, сұрап тұрғанымыз ғой... Әйтпесе, 110 балдан асу үшін күндіз-түні ұйқы көрмей, төгілетін маңдай тердің қандай боларын біз де көргенбіз. Олай болса биыл Оңтүстікте осылай түн ұйқысын төрт бөлген, жатпай-тұрмай оқып, жата-жастана тест жаттаған 1439 оқушының 575-інің ұйқысыз түндерінің өтеуі өтелді. Ол - алтын белгі! Ал қалғандары «грантқа түссек» деген ниеттеріне жетіп қалар... Бір қарағанда 865 баланың алтын белгіден қағылуының өзі аз көрсеткіш емес. Сондықтан 575 баланың алтынын азсынуымыз да, көпсінуіміз де әбестік болар еді. Бірақ «түйе сұрасаң бие бередіні» ұран етіп, бұл жолы да қазақшылыққа салды ма екен... Бір ғана Мақтарал ауданындағы Бауыржан Момышұлы мектебінен 40 оқушының алтын белгі алғанын адал еңбек, маңдай тер деу қаншалықты қисынға келеді? Осымен үшінші жыл қатарынан үздіктерімен көзге түсіп отырған мектептің нәтижесіне күмәнмен қарап жатқандар да жетерлік. Биыл – 35 алтын ақтаған мектеп былтыр – 27, алдыңғы жылы 29 алтын белгіні қанжығасына байлапты. Мектеп туралы білетіндер мықтылығын айтып бағуда. Бірақ «бесіктен белі шықпаған балаларды парақорлыққа баулып жатқан болмаса бопты да» деп жүргендер де жоқ емес.

ҰБТ тапсыратын күн мектеп бітіруші түлектерге таяған тар жол, тайғақ кешу. Осыдан бір апта бұрын ғана талайдың таразыға түскен тағдыры үш сағаттың ішінде шешімін тапты. Оп-оңай! Кірді, оқыды, дөңгелектеп 125 сұрақты белгілеп шықты. Бірақ, осы оп-оңай тірліктің артында он бір жылдық білім мен кеткен еңбек, төгілген маңдайтер жатқан жоқ па? Төгілді ме жоқ па, терледі ме жоқ па, Аллаға аян. Бірақ алды! «Береген қолым алаған» деген бар емес пе? Алса берген шығар, кім біледі... Мүмкін шынымен шелек-шелек маңдайтер төгілді...

Маусымның 2 мен 9-ы аралығында тапсырылған тестілеуге елімізде 87 мыңға жуық түлек өтініш берсе, оның 84 мыңнан астамы қатысыпты. 165 пунктте тапсырылған ҰБТ-дан биыл 19 түлек 125 бал жинаса, оның төртеуі Оңтүстіктен. Ал тестілеуден шығарылған 38 бітірушінің 3-еуі жерлесіміз. Қуаныш пен өкінішіміз қабат келді. Жоғары межеге жеткендер үшін қуандық, «құлағандар» үшін қамықтық. Өйткені бәріміз жүріп өткен жол болғасын қам жемеудің өзі мүмкін емес сынды.

Биыл халқы көп облыс саналатын Оңтүстікте 31288 оқушы мектеп бітірсе, оның 19 691 -і тестілеуге қатысқан. Естеріңізде болса, өткен жылы облысымызда 604 түлек «Алтын белгі» алған еді. Ендеше биылғы көрсеткіш былтырғыдан төмендеу. Биыл соңғы рет тапсырылып отырған ҰБТ тоқтатылса елімізде не болуы мүмкін? Осыған дейін тестті табыс көзіне айналдырғандардың қалтасы жұқарып қалар ма екен, әлде осыған дейін ақшамен бағы жанғандар бабы барларға орын босатып бере ме? Кім біледі, келер жылы тап осы уақытта «босаған орындардың» арасында қалай болса да «алтын белгі» алатындарды аңсап отырмасақ болғаны да...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Троечниктер» 100 баллды қалай жинап жүр?

Оқушы болу оп-оңай. Дайын үй, дайын ас, дайын киім. Ал оқу бітірген күннен бастап қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік өмір басталады. Бір қарағанда ойын-күлкіден көз ашпайтындай көрінетін келеш...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

«Рэкеттер» қорқытып кетіпті дейді...

Оңтүстік облыстарға қарасты теміржол жағасындағы бір ауданның уәдесін орындамайтын, сусылдақ, жылтырбет, тайғақ мінез әкіміне «рэкеттер» келіп, тоқсаныншы жылдардағыдай қорқытып, «счетчик» ілмекші бол...

Korrespondent.kz Қоғам

Дәрігерге жарымаған науқас «доғдыр» болады

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшылары Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін түрлі көрсеткіш бойынша жақын көршілерімізбен салыстырып көріпті. Соның бірнешеуі бойынша Қазақс...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Өзбек спортшысы жынысынан жиреніп жүр

Өзбекстанның 21 жастағы спортшы қызы өзін ер адамдай сезінетіндіктен жыныстық мүшесін өзгертуге шешім қабылдаған. Бойжеткен 2009 жылы Өзбекстанда жеңіл атлетикадан қыздар арасында чемпион атаныпты. Ке...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter