Тестілеуден босатылған мектеп түлегі түскі астан кейін қайтыс болған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Тестілеуден босатылған мектеп түлегі түскі астан кейін қайтыс болған

Фото: brodude.ru

Қарағандыда мектеп түлегі түскі астан кейін қайтыс болған. Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған он жеті жастағы Руслан Аймұхамбетовтың өлімі жақындарына жұмбақ болып отыр. Өйткені, туыстары жеткіншектің ешқашан ауырып көрмегенін айтады. Ал полиция қызметкерлері қажетті сараптама тағайындағанын айтады. 31 арна осындай ақпар таратты. 

 

Оқиға осыдан екі күн бұрын Руслан Аймұхамбетовтың сыныптасының үйінде болыпты. Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған үш жеткіншектің біреуі  емтиханға дайындалып, түскі асты да бірге іштік дейді. Қасында болғандардың сөзінше, 17 жастағы Руслан қытай лапшасымен ауқаттанғаннан кейін өзін жаман сезіне бастаған. Кенеттен жерге құлап түскен түлектің ауызынан көбік ағып, қол-аяқтары дірілдей бастады,- дейді сол кезде қасында болған Ерхан Мұстафаев. Бірақ қаладағы №57 мектеп лицейін бір апта бұрын ғана тәмамдаған Руслан Аймұхамбетовты жиырма бес минуттан соң жеткен ақ халаттылар да аман алып қала алмаған.  Жүрек-өкпе реанимациясын жасаған қызметкерлер жедел жәрдемге қоңыраудың кеш түскенін айтып отыр. Ал қара жамылған отбасы Русланның денсаулығы сыр беріп көрмеген еді дейді. Қайғылы жағдайдан қабырғалары қайысқан жақындары Медициналық Университетке түсуді армандайтын Русланның жақында Ресейде жобасын қорғап келгенін айтады. Түлектің жұмбақ өліміне қатысты арнайы сараптама жүргізіледі. Қорытындысы шықпай, жеткеншектің неден қайтыс болғанын  ішкі істер департаментіндегілер де айта алмай отыр. Ал үйдің ортаншы ұлы Руслан Айтмұхамбетовтің денесі жер қойнына бүгін таңертең тапсырылыпты.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да ақынның әйелі салафиттерге қарсы шығу керектігін айтып дабыл қақты

«Хабардың» бұрынғы тілшісі, ақын Ақберен Елгезектің жары Дина Елгезек Ақтөбедегі орын алған лаңкестік әрекеттен соң елдегі жағдайға алаңдатушылық білдіріп отыр. Салафиттік ағымнан келетін қатерден қау...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкенттік кәсіпкер әйел  мемлекет қаржысын қалтаға басуға болатын  бағдарламаны айтып берді

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутат әрі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау барысындағы шикіліктердің бетін ашты. Кәсіпкер не себептен аталған б...

Korrespondent.kz Экономика

Қорасына лаңкес түнеп шыққан ақтөбелік тұрғын әлі есін жия алмай жүр

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасап, іздеуде жүргендердің біреуі  Қобда ауылының Білтабан көшесі №60 үйдің қорасына қонып шығыпты. Үйдің иесі Жантас Сүндетов осы оқиғадан әлі ес жия алмай отырғанын айтады...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter