Шымкентте жас жігіт бөтелкелесімен сөзге келіп, пышақтап тастады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте жас жігіт бөтелкелесімен сөзге келіп, пышақтап тастады

Фото: today.kz

Шымкенттік полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күндікпен 23 жастағы тұрғынды құрықтады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер депатаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

 

2016 жылдың 5 маусым күні таңғы уақытта Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ «102» кезекші бөліміне Шымкент қаласы Қайнар-бұлақ саяжайы көшелерінің бірінде зорлық белгілері бар 25-30 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке тұлғасын анықтады. Ол 1989 жылы дүниеге келген Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай жәбірленуші пышақтан жарақаттанып, қаза болған.
Аталған жайт бойыншаҚР ҚК 99-бабымен «Кісі өлтіру» қылмыстық іс қозғалды.
Қаратау ПБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында, кісі өліміне қатысты 1993 жылғы азамат құрықталды. Ер азаматтар бірге спиртті ішімдік ішіп отырып, араларында ұрыс туып, нәтижесінде аталған оқиға орын алған.
Полицейлер айғақты зат ретінде асхана пышағын тәркіледі.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да ақынның әйелі салафиттерге қарсы шығу керектігін айтып дабыл қақты

«Хабардың» бұрынғы тілшісі, ақын Ақберен Елгезектің жары Дина Елгезек Ақтөбедегі орын алған лаңкестік әрекеттен соң елдегі жағдайға алаңдатушылық білдіріп отыр. Салафиттік ағымнан келетін қатерден қау...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкенттік кәсіпкер әйел  мемлекет қаржысын қалтаға басуға болатын  бағдарламаны айтып берді

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутат әрі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау барысындағы шикіліктердің бетін ашты. Кәсіпкер не себептен аталған б...

Korrespondent.kz Экономика

Қорасына лаңкес түнеп шыққан ақтөбелік тұрғын әлі есін жия алмай жүр

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасап, іздеуде жүргендердің біреуі  Қобда ауылының Білтабан көшесі №60 үйдің қорасына қонып шығыпты. Үйдің иесі Жантас Сүндетов осы оқиғадан әлі ес жия алмай отырғанын айтады...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter