Бас мүфти тарауих намазы алдында Ақтөбедегі оқиғаға қатысты пікірін білдірді (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бас мүфти тарауих намазы алдында Ақтөбедегі оқиғаға қатысты пікірін білдірді (видео)

Фото: f.azh.kz

Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы әрі "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы таңғы тарауық намазының алдында Ақтөбедегі атысқа қатысты пікір білдірді. Ержан қажы бұл туралы ойын мүфтияттың ресми сайты жария етті. 

 

Жайбарақат күнде жай түсіргендей әсер еткен оқиғаға байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен тарауих намазы алдында өз пікірін білдірді.

"Ислам діні терроризмді айыптайды. Бұл біздің дінімізден емес. Бүгінгі Ақтөбедегі нақақтан кеткендердің жанұяларына Алла тағала сабырлық берсін... Ислам - тек бейбітшіліктің діні. Біз қолымызбен емес, тіпті тілімізбен де бір адамға зиян тигізбейміз. Өйткені пайғамбарымыз өсиет етті. Алла тағала бұйырды. Бір мұсылманды екінші мұсылман әдейі өлтірген болса, ол мәңгі тозақта" деген Бас мүфти нақақтан қаза тапқан жандардың отбасына көңіл айтып, сабырлық тіледі. Осынау қасиетті айда еліміз бен жеріміздің тыныштығынан айырып, дүрбелең туғызуды көздеген жат пиғылдардан сақтауын сұрап дұға етуге шақырды.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айына санаулы ғана сағаттар қалған сәтте, яғни, кеше Ақтөбеде қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасаған болатын. Салдарынан алты адам қаза тапты. 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Ақтөбеде терактіге дейін қаруланғандар туралы естіген учаскелік полицейлер қол қусырып отыра берген

Ақтөбеде лаңкестік оқиға басталмай тұрып тұрғындар онға жуық адамның қарумен жүгіріп келе жатқанын көріп, полиция қызметіне хабарласқан. Байланысу мүмкін болмаған соң учаскелік полицейге хабар береді...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Павлодар полицейлері көшеде интимдік қатынас жасап, еш қымсынбаған жұпты ұстады (видео 18+)

Павлодар полицейлері тура көшенің бойында бір-бірімен аймаласып, интимдік қатынаста тұрған жұптың кімдер екенін анықталды. Олар 25 және 18 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мемлекет аты шулы "шумахер" Үсеновтің әкесі Қажымұраттың дымын қалдырмай тартып алды

Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана ЭКСПО-2017» компаниясында қаржы жымқыру ісі бойынша өз кінәларын мойындаған 12 сотталушыға қатысты үкім шығарды. Сотталушыла...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Құл-Мұхаммед: "Ақтөбеде күйеуінен айрылып, аңырап жылаған әйелді көргенде кірерге жер таппадық"

Ақтөбе облысында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жастар ұйымының мүшелері, имам...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter