ҚР ІІМ: "Жай митингке шыққандардың соңына түспейміз"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ҚР ІІМ: "Жай митингке шыққандардың соңына түспейміз"

ҚР ІІМ: "Жай митингке шыққандардың соңына түспейміз"

Жер кодексіндегі өзгертулер мен түзетулерге қарсы шыққан қазақстандықтар Атырау, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Жаңаөзен және Қызылорда қалаларында митинг өткізген болатын. Наразы топ жер шетелдіктерге сатылу былай тұрсын, жалға берілетін болса да 21 мамырда қайта митингке шығамыз деп талаптарын қойған еді. Енді ҚР ІІМ рұқсатсыз шеруге шыққандарға қарсы шара қолданамыз деп отыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Қалмұхамбет Қасымов Парламент отырысынан кейін журналистермен болған сұхбатта мәлімдеді деп жазды SKIFNEWS.KZ.

"Біз бұл мәселені жіті бақылауымызға алып отырмыз. Менің ойымша, митинг өткізуге себеп жоқ, бұл мәселе шешімін тапты. Қазір мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Проблемалар талқылануда. Бізде митинг өткізетін орындар бар, өткізудің тәртібі бар. Егер ол бұзылатын болса, шеруге шыққандар қозғалысқа кедергі келтіретін болса, онда олар жауапкершілікке тартылатын болады" деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, бұған дейін митингке шыққандардың ешбіріне полицейлер тарапынан шара қолданбаған. Дегенмен, деректер тексерілетін болады.

"Нақты заңсыздық орын алған жерде, тас атқан адамдар бұл әрекеттері үшін жауап беретін болады. Ал, жай митингке шыққандардың соңына түспейміз" дейді министр Қасымов.

Айта кетейік, жер проблемасын шешу үшін құрылған комиссия кешегі аптаның сенбісінде алғашқы отырысын өткізген болатын. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған комиссия құрамына барлығы 75 адам кіреді. 7 сағатқа созылған алғашқы отырыста тараптар бірқатар шешімдерге келді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Талманова Фатьма
0 Талманова Фатьма 17.05.2016 13:27
Құрметті К.Касымов мырза, қалай ойлайсыз, мәселе жерде ғана ма? Менің ойымша қазақтың САҒЫ сынып жатыр...
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter