Кентаудың әкімі апта сайын қаланы ескі автобуспен аралап жүр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 27 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Кентаудың әкімі апта сайын қаланы ескі автобуспен аралап жүр

Фото: Кентау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қаланы қоғамдық автокөлікпен аралап, тұрғындармен тілдесіп жүр. Басшы бұл жұмысын аптасына бір рет жүргізіп отыруды жоспарлаған. Айтуынша, мән-жайды өз көзімен көріп, халықпен тілдесу - біріншіден, көтерілген мәселені өз көзімен көруіне септігін тигізсе, екіншіден, халықтың билікке деген сенімінің артуына себеп болады. Бұл жоспар сәтімен орындалуда. 

 

Кезекті сапары барысында шаһар басшысы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен тілдесіп, қандай мәселе мазалайды деп жөн сұрады. Бірі жол мәселесі десе, енді бірі балалар ойын алаңшасының реттелгенін, сонымен қатар жоғарғы қабатта тұратын кейбір үйлердің шатырынан су кетеді екен. Айтылған тұрғын үйлердің барлығы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында реттелетін болады. Сондай-ақ қала басшысы қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысына қаладағы барлық балалар ойын алаңшасын жөнге келтіріп, көше жолдары мен көше атаулары жазылған белгілерді де реттеуді тапсырды. Ал «Жасыл Кентау», «Тазалық Кентау» мекемелеріне өз жұмыстарына салғырт қарамай қаланың тазалығын сақтап, көгалдандыру жүйесін жолға қойып қарқынды жұмыс жасауды жүктеді. Берілген тапсырмалар қатаң бақылауда тұратынын ескертті. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Кім кіммен нағашы-жиен?

Газетіміздің өткен нөмірінде жарияланған «Кім кіммен бажа?» атты мақала басылым оқырмандарын қызықтыра түссе керек, редакциямызға хабарласып, білгендерімен бөліскендер аз болмады. Тіпті кейбірі алдағы...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Қоғам

Желі қолданушылары мәжілісмендердің Атырауда өткен митинг туралы пікірін сорақылыққа теңеді (видео)

24 сәуірде Атырауда жер сатуға қатысты наразылық митингі өткен болатын. Бұл оқиға ел бойынша қызу талқыланды. Осыған орай Азаттық радиосы орындарына жаңа ғана кіріскен Мәжіліс депутаттарының аталған ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Исекешевтің баспасөз хатшысы журналистердің бүгінгі әрекетін көріп, тарақандар есіне түсіп кеткенін айтты

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы  журналистердің бүгінгі жүргізген сауалнамасын көріп, тарақандар есіне түсіп кеткенін жасырмады. Бұл туралы ойымен хатшы «ф...

Korrespondent.kz Қоғам

Имамдар мешітті паналап отырған жалғызбасты ананы 5 баласымен бірге қуып жібермекші

Алланың үйін жылға жуық мекен етіп келген атыраулық көпбалалы ана енді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, тұрып жатқан бөлмесін имамдар өз мақсатында пайдалану үшін келіншектен сыпайы түрде бо...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter