Қазақ блогері әлеуметтік желілерді мүлдем жауып тастау туралы идея ұсынды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қазақ блогері әлеуметтік желілерді мүлдем жауып тастау туралы идея ұсынды

Фото: www.securitylab.ru

Қазақ блогері әрі журналист Берік Сұлтан әлеуметтік желі көп уақытты жоғалтуға әкеп соғатындықтан оны жауып тастаса, біраз оң дүниелердің орын алатынына сенімді. Бұл туралы ойын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Тіпті Үкімет желіні жауып тастаса, орын алатын әрекеттерді жіпше тізіп шыққан. Оның ойынша әлеуметтік желі жабылса, достармен жиі жүздесіп, жойылып бара жатқан қарым-қатынас қалпына келеді. Сонымен қатар блогплатформалар дамып, блогерлер блог жүргізе бастайды. Бастысы фейсбукқа пост жазып, блогермін деп жүргендер өздерінің әлеуметтікжелі қолданушы екенін түсінеді.  

Шетелден ақша алып, саусағы бар, ойы жоқ ермелердің пост жазуы тоқтатылады. Елді бүлікке бастайтын шолақбелсенділердің мағынасыз өздерін ешкім оқымайтын болады.

Негитав ақпараттардың таралуы бірден тоқтайды. Сол арқылы халықтың психологиясын сақтап қалуға болады.

Журналист әрі блогердің ойынша қазір бүкіл жаман ақпарат әлеуметтік желі арқылы тарап, санасыз журналистер экранға шығарып жатыр. Осы келеңсіз жағдайларды әлеуметтік желіні жабу арқылы тоқтатуға мүмкінді туады.

Жұмыс істеуге көп уақыт болады. Қазір көптеген мекеме қызметкерлері көп уақытын әлеуметтік желі парақтауға жұмсайды. Сол арқылы кейде өнімдері сапасыз болып жатады. Одан өзге жазба авторы өзге де мысалдарды келтіріп кеткен.

«Ұйықтарда әлеуметтік желі парақшасына қарап емес, әйеліне, баласына қарап ұйықтайтын болады. Сол арқылы отбасылық бірілік нығайып, махаббат артады. Себебі қазір «сен маған қарағанда соткаңа көп көңіл бөлесің» деген әйелдер пікірі көбейіп кетті.

Әлеуметтік желі жұлдызы деген жалған атақ құрып, шын таланттар ғана ел сүйіктісіне айналады. Өнері жоқ, білімі жоқ, арақ ішетіндер жұлдыз болмайды.

Газет-журналдарға сұраныс артып, халықтың сапалы дүние оқуына жол ашылады...

Неге маған баспайсың, мынаны бөлісіп жіберші, мынау постыма лайк басшы деген бәлелер азайып, лайкқұмарлық ауруы тоқтайды.

Шала сауатты шейхтардың негізсіз уағыздары тоқтап, жастар діни сұрақтарын мешіт‪ имамдарынан сұрайтын болады»,-деп жазды блогер.


© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Abilkassym
-1 Abilkassym 22.04.2016 15:10
оте дурыс
Жауап беру
Берік
0 Берік 24.04.2016 21:46
Сандалапсың
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter