Астана тұрғыны Шымкент әкімінің құлағына «алтын сырға» тақты (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 1 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Астана тұрғыны Шымкент әкімінің құлағына «алтын сырға» тақты (фото)

Астана  тұрғыны Азамат Көшенов Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа сәлемдемесін жолдады. Елордалық азаматты Шымшаһардағы ескерткіштердің жайы мазалаған. Нақтырағы, қаладағы танымал тұлғалардың құрметіне орнатылған ескерткіштер туралы толық ақпараттың жоқ болуы астаналықты алаңдатып отыр. Бұл туралы ол «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында ой тастады.

«Ғани Іляев - бұл кісі кім? Бьюстке қарағанда бұл кісі әлі тірі-ау. Өйткені туған жылы не қайтқан жылы,  атқарған қызметі жазылмаған. Шымкент қаласының әкіміне алтын сырға. Әкім мырза,  Шымкент қаласының ескерткіштерін бір аралап шығыңызшы. Өтініш білдіруші: Шымкент қаласының қонағы» деп жазды елордалық азамат. Соған қарағанда астаналық тұрғын Шымкент көшелерінің бойын аралап, арнайы анализ түзген секілді. Бірақ, қала әкімінің бұл мәселеге қаншалықты назар аударатыны алдағы уақыттың еншісінде.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Корреспондент» газетінің редакциясын тонап кетті

«Корреспондент» республикалық қоғамдық-саяси апталық газетінің редакциясына ұры түсті. Сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түні редакция ғимаратына белгісіз адам (бірнешеу  болуы мүмкін) баса көктеп кірге...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter