Қайрат Нұртастың директоры әншінің әйелі фильмде басты рөлді сомдайды деген ақпаратты жоққа шығарды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 25 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Қайрат Нұртастың директоры әншінің әйелі фильмде басты рөлді сомдайды деген ақпаратты жоққа шығарды

Отандық бірқатар ақпарат құралында Қайрат Нұртастың әйелі әртістің жаңа фильмінде басты рөл сомдайтыны жайлы хабар тараған болатын. Тілшілер бұл мәліметті әнші Сиви Махмудиге сілтеме жасай отырып хабарлады. Алайда әнші Қайрат Нұртастың директоры Лаура Сейітбек бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

"Бұл тілшілердің қулығы арқылы шыққан қауесет. Сивидің фильм жайлы айта келіп "мүмкін" деген сөздерін тілшілер қасақана алып тастап отырған. Шын мәнінде қазіргі уақытта фильмнің сценарийі де дайын емес. Сценарийі болмаса онда кімнің қандай рольде ойнайтыны қайдан шықты? Біз Сивимен сөйлестік, мәселе шешілді", - деді әншінің директоры. 

Сонымен қатар, Лаура Сейітбек жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарына дайындықтың басталып кеткенін айтты. Фильмнің режиссері Рашид Сүлейменов. Ал атқарушы продюсері - Лаура Сейітбек. Фильмнің бас продюсері "KN Production". Фильм жайлы толығырақ мәліметті әншінің директоры кейінірек беруге уәде берді.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте жоғалып кеткен 12 жастағы Балнұр табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Балнұр Насыр аман-есен табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстанда педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланған сайт пайда болды

Қазақстанда педофилдерді есепке алу және олар туралы мәліметтер ашық түрде жарияланатын болды.

Korrespondent.kz Қоғам

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын а...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)

Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter