Шымкентте жарылған кәріз құбыры үстінде орналасқан барлық үйлер бұзылмайтын болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 25 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте жарылған кәріз құбыры үстінде орналасқан барлық үйлер бұзылмайтын болды

Фото: stan.kz

Шымкенттегі «Оңтүстік» шағын ауданында өткен қыста  кәріз коллекторы жарылып, тұрғындарды әбігерге салған болатын. Бірақ бүгінде ондағы апатты жағдай толық қалпына келтірілді. Енді құбыр үстіне орналасқан барлық үйлер бұзылмайтын болып шешілді.

 

Қала әкімдігі тарапынан құрылған жедел комиссияның жұмыс жүргізуінің нәтижесінде биыл жоспарланған 5-6 шақырымдық кәріз коллектор жүйесін жаңарту жұмыстарының осы аудандағы бір шақырымдық бөлігі жаңа жүйемен іске қосылды.

Қазіргі таңда барлық бөліктер түгелдей іске қосылып, сарқынды сулар тоқтаусыз ағуда. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов мәлімдеді,деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәлімет ретінде айта кетейік, қалаішілік кәріз жүйесі «Оңтүстік» шағынауданы аумағындағы жалпы 17 тұрғын үйден өтеді. Оның ішінде кәріз құбырлары 6 тұрғын үйдің астынан өтсе, 7 тұрғын үйден 2м, 3м,4м қашықтықта орналасқан. Ал қалған 5 тұрғын үйлердің қоршау және қосалқы нысан (хозпостройка, гараж) астынан жүргізілген.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте жоғалып кеткен 12 жастағы Балнұр табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Балнұр Насыр аман-есен табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстанда педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланған сайт пайда болды

Қазақстанда педофилдерді есепке алу және олар туралы мәліметтер ашық түрде жарияланатын болды.

Korrespondent.kz Қоғам

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын а...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)

Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter