ОҚО әкімі алдағы бес жылда ауыл шаруашылық саласын қалай елестететінін айтып берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі алдағы бес жылда ауыл шаруашылық саласын қалай елестететінін айтып берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында ОҚО әкімі  Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен брифинг өтті. Сөз алған аймақ басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамының» орындалу барысы туралы айтты.

 

Ұлт жоспарын бес реформаға сай жіктеп баяндама жасаған облыс әкімі индустрияландыру және экономикалық өсімге ерекше тоқталды. Айтуынша, былтыр Оңтүстік Қазақстанда негізгі капиталға 416 млрд теңге инвестиция бағытталған. Оның 12 пайызы сыртқы инвесторлар есебінен бөлінген.

«Облыста 11 индустриалдық аймақ құру жоспарланған болса, оның алтауы іске қосылды. Өндіріс орнын ашамын дегендерге барлық жағдай жасалған. Біз мейлі шетелдік, мейлі жергілікті инвестор болсын, барынша қолдауға тиіспіз. Себебі олардың өндірген өнімі арқылы экономикамыз дамиды. Сонымен қатар олар жұмыссыздық деңгейінің кемуіне септігін тигізеді. Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы саласы дамып, жұұмысшылар кәсібилене түседі. Олар басқаша ойлайтын болады»,-деп атап өтті аймақ басшысы. Сөзінің соңында Бейбіт Бәкірұлы қызылшаны өңдеп, қант шығаратын зауыт салуға инвесторлар іздеп жатқанын мәлімдеді. Өйткені бізде бұл өнімге деген сұраныс жоғары болып отыр.   

Оңтүстік Қазақстанда индустриаландыру бағыты бойынша іске қосылған жобалардың ішінде «Әлем-БТ» мен «Азала текстиль» ЖШС-тері  Атамқұловтың жүрегіне ерекше жақын екен. Тіпті аймақ басшысы «Азала текстиль» өндіріс орны шығаратын көрпе-төсек тыстарын өз үйінде пайдаланатынын да айтып қалды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Оңтүстік Қазақстанда ішімдікке сылқия тойған ананың 8 айлық баласын бөтелкелесі көшеге тастап кетті (видео)

Күтпеген жайт 29 маусым күні кешкі уақытта орын алған. Оқиға орнынан жедел жәрдем қызметі мен полицейлер келіп жеткен. Оларды ішкілікке толйған ананың әрекетін көрген ер азамат шақыртқан. Бұл туралы Т...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Рианнадан асып түскен қазақ баласы ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Алматылық Әлихан Бұлдыбаев Рианнаның орындауындағы хит әнді айтып, жұртты таң қалдырды. 12 жастағы Әлиханның студияда ән орындау сәті түсірілген видео желіде жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Т...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мемқызметкерлердің компьютерлері 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды

Елордалық мемлекеттік қызметкерлердің жұмывсы қиындайын деп тұр. өйткені енді оларыдң жұмыс компьютерлері кешкі сағат 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды. Еліміздің Инвестиция және даму мини...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Екібастұзда араққа тойып алған ару қызғаныштан құрбысын пышақтап тастады

Екібастұздағы Матросов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде әйел адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық белгілері анықталған. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оны өлтірді ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter