«Жаужүрек мың бала» фильмінің монтажері «Еуразия» бірінші арнасы таратқан "сенсациялық" видео қолдан жасалған деп кесіп айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 25 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

«Жаужүрек мың бала» фильмінің монтажері «Еуразия» бірінші арнасы таратқан "сенсациялық" видео қолдан жасалған деп кесіп айтты

Фото: i.ytimg.com

«Жаужүрек мың бала» фильмінің монтажын жасағандардың бірі Марат Телеуов «Еуразия» бірінші арнасының жердің сатылуына қатысты наразылық танытқандардың ақшаға сатылды деп айыптаған бейнематериалын қолдан жасалған деп санайды. Бұл туралы маман «фэйсбуктағы» парақшасында мәлімдеді.

«Мен «Жаужүрек мың бала» кинокартинасының монтажын жасағандардың бірімін. Монтаж жасау - менің мамандығым және мен оны оңай айыра аламын. «Еуразия» арнасы қолдан жасалған видеоны таратты. Міне, дәлел. Видеосараптаманы қараңыздар» деп жазған Телеуов телеарна таратқан видеоға жасалған сараптама көрінісін  көпшілікпен бөлісті.

Бұл жарияланым әлеуметтік желі қолданушларының қызу талқысына түсті. Үш жүзден астам қолданушы видеоны өз парақшаларында бөлісіп, пікір білдірушілердің ойы екіге бөлінді.  Бірі ондай ақпарды таратқан тілшілердің кінәсіз екенін айтса, келесісі Қазақстандағы  БАҚ-та мұндай журналистердің жұмыс жасайтынына өкініш білдірген.  

Ақпарат ретінде айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын арна тілшілері қазақстандықтарды жерге қатысты наразылық митингіге әлдекімдердің ақша таратуынан соң шықты деп айыптап, тіпті таратылған ақша құнын да жайып салған болатын. Бұл өз кезегінде ел тұрғындарының ашуын келтіріп, тіпті отандық заңгер телеарнаның үстінен сотқа шағымданды. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте жоғалып кеткен 12 жастағы Балнұр табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Балнұр Насыр аман-есен табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстанда педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланған сайт пайда болды

Қазақстанда педофилдерді есепке алу және олар туралы мәліметтер ашық түрде жарияланатын болды.

Korrespondent.kz Қоғам

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын а...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)

Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter