Шымкенттік тұрғындар шенеуніктерге ашуланып отыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 26 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттік тұрғындар шенеуніктерге ашуланып отыр

Фото: kz.otyrar.kz

Шымкентке қарасты Тұрлан елдімекенінің халқы жол азабын тартып отыр.Тұрғындар ауруханаға баратын жолдың жылдар бойы жөндеу көрмей келе жатқанын айтады. Жергілікті халық жауын-шашын кезінде ластанған арық-атыздар да берекемізді алады деп отыр, деп хабарлайды Отырар арнасы. 

 

Науқастарды емдеу мекемесіне жеткізетін жедел жәрдем дәрігерлері де осы тар, ой-шұңқыры көп жолдан өтуге мәжбүр. Амбулаторияға баратын жалғыз жол кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген. Нөсер жауында бұл жерден қатынау тіпті мүмкін емес дейді тұрғындар.

Тұрландықтар кірме жолдың жайын айтып, бармаған жеріміз қалмады дейді. Жолдың ахуалынан хабардар шенеуніктер уәде беруден әрі аса алмай отыр деп ашынады жұрт.

Ал Шымкент қалалық автомобиль жолдары бөлімінің мамандары бұл түйткілді жолдың жайын жақсы білетіндерін айтады. Жауаптылар тиісті шаралар көрілетініне сендіріп, тағы да уәдесін үйіп төкті.

Тұрландықтар жол азабын ғана тартып отырған жоқ, ирригациялық жүйелерден де көресіні көріп отыр. Айтуларынша, қолданыстағы бетондалған арық-атыздар қоқысқа толы. Жауын шашында бұл маңай көлдеп, жұртшылықтың мезі етеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО полицейлерін «козел» деудің астарында не жатыр, артында кім тұр?

Наурыз мерекесі басталарда Оңтүстік жұрты кәдімгідей дүрлігісіп кетті. «Сайлау қалай өтеді екен?» деп дүрлігіскен шығар деп ойласаңыздар қатты қателесесіздер. Оған дүрлігіспейтіні – шымкенттіктер қай ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да тұрғындар қажет етпеген әкім Мәжіліске депутат боп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданын басқарып келген Уәлихан Қайназаров "Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліске сайланған 84 депутаттың қатарынан орын алды. Аудан әкімі кезінде ол тұрғындар тарапын...

Korrespondent.kz Қоғам

"Нұр Отан" атынан Мәжіліске баратындардың есімдері белгілі болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңес бюросының отырысы өтіп, онда Мәжіліске "Нұр Отан" атынан баратын депутаттардың тізімі бекітілді. Бұл тур...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter