ОҚО-да көпбалалы ана облыс әкіміне арнап өзі шығарған өлеңді оқып берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 13 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да көпбалалы ана облыс әкіміне арнап өзі шығарған өлеңді оқып берді

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданының тұрғыны аймақ басшысы Бейбіт Атамқұловқа арнап, өлең шығарды. Тіпті оны аудан әкіміне оқып берді.

 

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Созақ ауданындағы еңбек озаттары мен көпбалалы аналарға облыс әкімі Б. Атамқұловтың құттықтау хаты тапсырылған болатын. Мерекелік сыйлықты батыр аналардың үйіне арнайы барып тапсырған аудан әкімі Мақсат Исаев облыс басшысының сәлемін жеткізді.

"Бұл күн – ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!", - делінген мерекелік құттықтау xатта. Мұндай лебізге ризашылығын білдірген көпбалалы ана Гүлзағипа Бәлшенқызы:

- Құттықтап мені келгенің,

Ана деп сәлем бергенің.

Ынтымақ беріп халқыма

Жана берсін еңбегің.

Табысты болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Жоғалмасын ешқашан,

«Ана» сыйлау салтымыз, - деп облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлына ризашылығын өзі шығарған өлең жолдары арқылы білдірді. Қошеметке ие болған өзге де аналар аймақ басшысына алғыстарын айтты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Полицейлер талтайып құлшылық ететіндердің шатын біртіндеп айырмақшы

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі ресми сайтында Рогун тұрғындарының ұсталғандықтары жөнінде түсініктеме берді. Онда радикалды және экстремистік топтарға қатысы бар деген күдікпен Рогунның бірнеше...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Серік Ахметов кінәсін мойындап, өкініш білдірді

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкініш білдіреді. Бұл туралы Ахметовтың адвокаты Николай Лесник мәлім...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да көпбалалы ана облыс әкіміне арнап өзі шығарған өлеңді оқып берді

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданының тұрғыны аймақ басшысы Бейбіт Атамқұловқа арнап, өлең шығарды. Тіпті оны аудан әкіміне оқып берді.

Korrespondent.kz Қоғам

Ғабидолла Әбдірахымов: "Күш-қуатымды велоспорттың дамуына қосамын деп сөз беремін"

Шымкенттіктер енді кез келген уақытта велосипедке отырып, діттеген жерлеріне жете алады. Өйткені шаһарда екі дөңгелекті жүргізу құралдары жалға берілетін ««Shymkent Bike» автоматтандырылған стансалар ...

Korrespondent.kz Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter