Шымкентте Б.Момышұлының қанатты сөзін бұрмалағандар Елбасының суреті бар плакатпен ағашты жауып қойған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте Б.Момышұлының қанатты сөзін бұрмалағандар Елбасының суреті бар плакатпен ағашты жауып қойған

Шымкентте Б.Момышұлының қанатты сөзін бұрмалағандар Елбасының суреті бар плакатпен ағашты жауып қойған

Шымкенттегі спорт кешендердің бірінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген плакат ағаштың үстін жауып қою үшін қолданылып отыр. Яғни, көлемі үлкенірек плакат спорт кешеніндегі футбол қақпасы жанында үйіліп жатқан ағаштың үстіне жабылған. Мұны көрген шымкенттік тұрғын спорт ұжымының бұл әрекетіне ашуланып, әлеуметтік желілердің бірінде ондағы  көріністің бірнеше фотоларын жариялаған.

 

 

«...Футбол қақпасының жанына ағаштар үйіп, үстін Нұрекеңмен аттас Нұрекең тұрған мына плакатпен жауыпты. Аттастар екеніне күмәнім бар. Сіздердің ше?» деп жазған желіні қолданушы. Алайда, шымкенттік азаматтың жария еткен фотосынан плакатта Мемлекет басшысының суреті бейнеленгенін анық байқауға болады.

Ол аз дегендей, спорт кешені ғимаратының маңдайшасында Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды» деген қанатты сөзі бұрмаланып, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ер болмайды» деп жазылған.

Белгілі болғандай, "Буревестник" деп аталатын ол спорт кешені М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне тиесілі екен. Бұл мәселемен аталған оқу ордасының баспасөз қызметіне хабарласып көріп едік, байланысу мүмкін болмады.

Шымкенттік азаматтың көтерген бұл мәселесіне қатысты желі қолданушыарының ойы екіге бөлінді. Тіпті бірі «Болашақ орнын тауып жатыр екен, онда тұрған не ба? Ким Чен Ын  елінде өмір кешіп жүргеміз жоқ қой. Халыққа ешкім күштеп сыйлата алмайды өзін» деп кесіп жазса, келесі бірі «...Қарапайым ғана сурет. Онсызда аптасына жүз мыңдаған Егемен Қазақстан «дәретханаға» кетіп жатыр. Фотодан драма жасаудың қажеті шамалы» деп пікір қалдырған.

Желі қолданушыларының кейбірі пост авторына орын алған жағдайды жауаптыларға жеткізіп, қайта орнына келтіріп қойсаң, сауап алар едің деп кеңесін де берген. Алайда шымкенттік тұрғын «Кімге ескертесің, кім тыңдайды? Биыл ілінген сөз емес те шығар ол, фото мейлі. Мейлі ештеңеңсі жоқ. Мен жаза қолдансын деп отырғаным жоқ, сөзі өтімді біреу ескертер, яки, сонда жұмыс істейтін біреу көрер деген ой» деп фотоны жариялаудағы мақсатын жасырып қалмаған.

 

 

(Фотолар: Д.Ақсақаловтың "фэйсбуктағы" парақшасынан алынды)

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Жанболат
+7 Жанболат 10.03.2016 14:42
Қандай бастық,солай құрмет,16 ақпандағы сөзі үшін іліп қойған шығар,орысша сұрағандарға қазақша жауап берсең жұмыстан шығасың делінген,
Жауап беру
Айгуль
-3 Айгуль 10.03.2016 22:23
Елбасымыздын суретин неге олай тастайды онбагандар.Бул деген нагыз коргенсиздик.
Жауап беру
Ереке
+1 Ереке 11.03.2016 09:44
Нормально
Жауап беру
Ереке
-4 Ереке 11.03.2016 09:45
Масқара
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter