ОҚО-да аудан әкімі өзіне тағылған айыпты естіп, үнсіз қала алмағанын айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да аудан әкімі өзіне тағылған айыпты естіп, үнсіз қала алмағанын айтты

ОҚО-да аудан әкімі өзіне тағылған айыпты естіп, үнсіз қала алмағанын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген кәсіпкер Ержан Дәулетовтің өзіне қаратып айтқан шағымын жоққа шығарды. Яғни, аудан басшысы кәсіпкердің «Әкім: «Сайлауға түспей-ақ қой, бәрін шешіп қойғанбыз. «Нұр Отанның» атынан түсетін кандидатымыз бар» деген сөзімен мүлдем келіспейді. Бұл туралы «Қала мен дала» басылымы жазды. Редакцияға әкімнің өзі хабарласып, уәжін айтқан.

«Сайлауды шымкентше ұйымдастыру…немесе «кандидаттықтан бас тарт» деген мақаланы оқып үнсіз қала алмадым. Бұл қалай болғаны?

Біріншіден еліміздің заңы бойынша әрбір азаматтың сайлауға түсуге толық құқығы бар. Иә, рас Ержан Дәулетов өзі келіп менің қабылдауымда болды. Ауыл ақсақалдары келді. Кездесу барысында ел ішіндегі атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгіме болды.

Бірақ бұл кездесуде мен Ержан Дәулетовке «сайлауға түспейсің!» деп айтқан жоқпын, айтуға құқым да жоқ»-деп пікір білдірген әкім.

- Екіншіден Е. Дәулетов №6 Түлкібас округтік сайлау округінен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген.

Биылғы жылдың 27 ақпанында №6 Түлкібас округтік сайлау комиссиясы Дәулетовтың және оның жұбайының декларацияда көрсеткен мүлкі мен табысы жөніндегі мәліметін дұрыс емес тапты. Осыған сай «Сайлау туралы» заңға сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жойды. Бірақ, бұған менің ешқандай қатысым жоқ.

Ержан Дәулетов өз кезегінде комиссияның  шешімін заңсыз деп тапты және бұған қарсы арыз беріп сотқа шағымданған екен. Алайда Түлкібас аудандық соты бұл шешімді қанағаттандырусыз қалдырды.

Білгенімдей, Дәулетов әрі қарай Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сотына шағым түсіреді. Бұл жерде де арызданушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сондықтан Ержан Дәулетовтың декларациясын дұрыс тапсырмай, менен кінә іздеуі және дәлелсіз айыптауы әділеттілікке жатпайды деп санаймын.

Үшіншіден Дәулетовтың айтқаны шындыққа жанаспайды. Көктерек ауылында газ, ауыз су толық тартылған. Мектеп күрделі жөндеуден өткен. Ауылдың электр бағаналары ауыстырылып, көше бойына жарық шамдық орнатылған» -деген әкім кәсіпкердің айтқанымен келіспейтінін жеткізген.    

Айта кетейік, бұған дейін аталған басылым ОҚО, Түлкібас ауданының тұрғыны, кәсіпкер Ержан Дәулетовтің арызын басқан болатын. Онда өзін-өзі депутаттыққа ұсынған Дәулетовке аудан әкімінің сайлауда бағын сынау туралы райынан қайтару мақсатында түрлі қысым жасағаны жарияланған.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter