Шымкентте жұмыс уақытында телефонмен сөйлесетін автобус жүргізушілері азаяр емес
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 15 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте жұмыс уақытында телефонмен сөйлесетін автобус жүргізушілері азаяр емес

Фото: img.astana.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері  әртүрлі құқық бұзушылықтың алдын алу мен оны болдырмау жөнінде «Автобус» рейдін ұйымдастырды. Үш күнге жалғасқан шара қоғамдық көліктегі жүргізушілер арасында тәртіпті сақтап, қалааралық жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларға бақылау жасап, сондай-ақ, заңсыз тасымалды болдырмау мақсатында өтті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

 

Шара нәтижесінде құқыққорғаушылар қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол тәртібін бұзған 480 фактіні анықтады. Оның ішінде 29 жүргізуші жылдамдықты асырып, жауапкершілікке тартылса, 2 азамат қарсы жолаққа шыққаны үшін жазаланды. Ал 29 жүргізуші жолаушылар тізімінің жоқтығы негізінде айыпталса, 116 жағдай көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану фактісі бойынша тіркелді. 12 тәртіп бұзушылық жаяу жүргіншілер жолағында жол бермегені үшін жазаланды.

Тексеру шараларынан бөлек қоршаған ортаны қорғау заңнамаларын бұзған жағдайларды анықтап, жергілікті полиция қызметінің жұмысын жандандыру мақсатында «Қоршаған ортаны қорғау» шұғыл-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Рейд жұмыстары кезінде 12 қылмыстық заңбұзушылық анықталса, оның 1 жағдайы жер қойнауын заңсыз пайдалану аясында орын алып, 2 факті заңсыз балық аулау, 9 жағдай заңсыз ағаш кесу аясында тіркелген. Сонымен қатар, профилактикалық шара кезінде қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзу жағдайлары бойынша 74 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет қазынасына 137 865 теңге айыппұл төлейтін болды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Қатын болуға» құмар әртістердің басшысы өзін сөккен жазушыға жауап беремін деп сынның астында қалды

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова жастармен бір кезекті кездесуінде ер азамат әртістердің әйел рөлін сомдауға құмартып бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Қазақ батыр...

Korrespondent.kz Қоғам

Қазақстандық блогер танымал продюсер Есентаеваға сәлемдеме жолдады

Қазақстандық журналист әрі блогер Берік Сұлтан қазақ спортшыларының тек түрлі жарыстарда жетістікке жетіп, ел мерейін асқақтатқан соң ғана жұртшылық қошеметіне бөленетініне қынжылыс білдірді. Тіпті же...

Korrespondent.kz Қоғам

Жыныс мүшесін ауыстырудың үкімі қандай?

Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы  Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзе...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер эгоистік идеясы үшін халықтан кешірім сұрады

Танымал продюсер Серік Абас-Шах 15 сәуірді Ғашықтар күні ретінде тойлау туралы ұсынысы эгоистік идея екенін жасырмай айтты. Яғни, телевизия маманы бұл идеясы қалай пайда болғанын «фэйсбук» әлеуметтік ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter