Риода Қазақстан неше медаль алуы мүмкін?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 20 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Риода Қазақстан неше медаль алуы мүмкін?

  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Биыл тамыздың 5-і күні сонау Латын Америкасындағы алып ел – Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. 21 тамызға дейін жалғасатын додада 110-нан астам қазақстандық спортшы ел намысын қорғауы мүмкін. Олар спорттың 27 түрі бойынша бақ сынамақ. Әрине, бұл жоспар ғана. Себебі маңызды додаға берілетін жолдама үшін талас әлі де жалғасып жатыр. 

Әлемдік «Infostrada» зерттеу орталығы Қазақстан Бразилия елінен 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль алады деген болжам жасады. Сөйтіп, командалық есеп бойынша еліміз 29-шы орыннан көрінуі мүмкін. «Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасынан боксшы Иван Дычко мен ауыр атлет Александр Зайчиков чемпион атанады», – деп жазды зерттеу орталығы. Бір қызығы, алтын алатындардың арасында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, ауыр атлет Илья Ильиннің есімі айтылмаған. Боксшы Данияр Елеусінов, палуан Алмат Кебіспаев, дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаев пен Нижат Рахимов Олимпиаданың күміс медалін алатынға ұқсайды. Сондай-ақ, жеті қоланы Зүлфия Чиншанло, Карина Горичева, Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы (бокс), жеңіл атлет Ольга Рыпакова сынды спортшылар алады деп болжаған. Орталықтың жауырыншылары бірінші орынды 42 алтын, 24 күміс, 28 қола жүлдемен АҚШ құрамасы алады депті. Екінші орын Қытайға, үшінші орын Ресейге бұйырмақ. Осы ретте біз қазақстандық спорт журналистерінің болжамын сұраған едік. 

Есей Жеңісұлы: 

– Лондондағы 7 алтын медаль әуелде ертегі сияқты көрініп еді, енді соны заңдылыққа айналдыра аламыз ба? Осы жай ойлантады. Лондонда зілтеміршілеріміз жарады, арада өткен 4 жылда олар өз бәсін төмендеткен жоқ. Дегенмен, чемпиондар ішінде Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанлоның 4 жыл бұрынғы табысын қайталай алатынына сеніміміз жоғары, ал Светлана Подобедова мен Майя Манеза әлі бұрынғы деңгейіне көтеріле алған жоқ. Кім біледі, олар бар күшін Риоға сақтап отырған шығар. Лондоннан бергі 4 жылда бұлардың қатарына Жазира Жаппарқұл, Алмас Өтешев және Жасұлан Қыдырбаев қосылып еді. Бірақ 94 келідегі қос саңлағымыздың қанынан табылған допинг ізі ойландырып отыр. Олар Олимпиадаға дейін ақталып, рұқсат алатын болса, баяғы 4 алтынды қайта күтуге болатын сияқты. Боксшылардан дәстүр бойынша алтын жүлде күтеміз. Тәуелсіз Қазақстан тарихында олардың төрт жылдық додадан чемпиондық атақсыз қайтқан күні жоқ. Әсіресе, 69 келі салмақ дәрежесіндегі Данияр Елеусіновке ерекше үміт артамыз. Әзірше боксшыларда 4 жолдама бар, кемі 8 жігіт барса, қоржынымыз толып қайтатын болар. Басқа спорт түрлері бойынша мықтыларымыз саусақпен санарлық. Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин жүлдеге ілініп немесе оза шауып жатса, тіпті керемет. Балуандар сенімді ақтай ала ма - бұл да ғасыр сұрағы. 36 жылдан бері чемпион болар ұл туа алмады ма қазақ? Тінәлиев, Кебісбаев, Қартықов - осы үшеуі сенімді ақтаса екен. Дәстүр бойынша, ешкім күтпеген бір жүйрігіміз оза шауып жатса, еш қарсы емеспіз. Рио Олимпиадасынан күтетінім осы.

Ғабит Сапарбеков: 

– Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Лондондағы жетістікті қайталау өте қиын болады. Біріншіден, ауыр атлетикадан алтын медаль алған спортшы қыздар тұрмысқа шығып, кейбіреулері ана атанды. Толық бабына енер-енбесі белгісіз. Ал, жүлдеден үмітті жігіттеріміз допинг дауына тап болды. Дегенмен, соған қарамастан қоржынға кем дегенде 3 алтын медаль түсетін шығар. Одан көп болуы да мүмкін. Әдеттегідей басты үмітіміз боксшыларда. Осы спорт түрінен ерлер мен әйелдер құрамасы бірлесіп, ең аз дегенде 1 алтын медаль алады деп ойлаймын. Қазір дзюдошыларымыз бабында. Олардан бір алтын медаль күтемін. Күрес түрлерінен, жеңіл атлетика, оқ ату, таэквандо, теннис және ескек есуден жеңіске лайық сайыпқырандар бар. Осылар жабылып, күміс пен қоладан бөлек бір алтын жүлде әперсе... Қорыта келе, 6 алтын медаль аламыз деп болжап отырмын. Күміс пен қолаларды қосқанда жүлде саны он екіден көп болатын шығар. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы спортшыларына келсек, өрендеріміз Лондонда кеткен есені қайтаруы тиіс. Бокстан Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиев, дзюдодан Отгонцэцэг Галбадрах, күрестен Магомед Чухалов, ауыр атлетикадан Жазира Жаппарқұл мен Чонтей Арлидің жолына үмітпен қараймыз. Мергендеріміздің де құр саяхатшы ретінде бармай, жүлде алатын кезі келді. Еркін күрестен Бағдәулет Әлментай мен Акбар Елубай бар. Ескек есуден де спортшылар дайындалып жатыр. Осы додада жеребе сәтті түссе, бабында болса, облыс спортшылары кем дегенде 2 медаль алатын шығар. Одан көп болуы да мүмкін. Болашақтан жақсылық, үміт күтетін елміз ғой. Саңлақтарымыздың әлем, Азия біріншіліктеріндегі нәтижелерін сараптап, осындай тоқтамға келдім.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Жындыханаға жатқызылған Маржан Тұрлыбаеваның дені сау болып шықты

Өмірінің соңына дейін Түркістандағы жындыханаға жабылған бойжеткен Маржан Тұрлыбаеваның ақыл-есі кем емес болып шықты. Яғни, 19 жастағы бойжеткеннің қоғамға ешқандай қаупі жоқ. Соңғы тағайындалған сар...

Korrespondent.kz Қоғам

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: «Олимпиадаға сен баруың керек десе, мен дайынмын»

Қазақстандық кәсіпқой бокс-шы Қанат Ислам Риода өтетін Олимпиадаға қатысу, қатыспау туралы пікірін «Ойшоғыр» ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты. Бүгінде АҚШ-та жаттығу жасап жүрген боксшымен...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Спорт

«Мәслихатқа есі түзу адам бара ма?»

Әлеуметтік желілердің бірінде қазақстандық танымал саясаттанушы Айдос Сарым сайлауды ұйымдастырушылардың әрекетіне таң қалған. Оған саяси науқанға қатысу туралы алған шақыртуы себеп болыпты.  ...

Жансая АКБАЛИНА Оқиғалар

Риода Қазақстан неше медаль алуы мүмкін?

Биыл тамыздың 5-і күні сонау Латын Америкасындағы алып ел – Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. 21 тамызға дейін жалғасатын додада 110-нан астам қазақ...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter