Шымкентте бас дәрігер өзінен көмек сұрап келгендерге ашуланып, балағаттап тастады (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 19 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте бас дәрігер өзінен көмек сұрап келгендерге ашуланып, балағаттап тастады (видео)

Фото: cdn5.files.rzn.info

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ақ халаттылар алдына көмек сұрап келген халықты жерден алып, жерге салып, балағаттай бастады деп жазады NUR.KZ порталы.

 

Ғаламторда «Шымкенттегі облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мұқан Егізбаев және оның алдына көмек сұрап келгендерге көрсеткен  адами емес қарым-қатынасы. Ал мұнда тым қатыгездік әрекет, қатты сырқаттанған науқастың әйелі қол ұшын сұраймын деп оның орнынан боқ ауыз сөз естіді. Сол үшін адам қайтыс болды!», - деген атаумен видео пайда болды.

Онда қатты сырқаттанған науқастың туыстары көмек сұрап медицина мекемесі бас дәрігерінің қабылдауына кіреді. Кәсіби емес түсірілген видеода бас дәрігер кабинетіне бірнеше адамның кіргенін байқауға болады. Диалог барысында гиппократ антын қабылдаған маман ондағылар «қолдан келгенін жасап жатыр, әзірге жағдайы ауыр» деп қысқа қайырғысы келген.

Алайда науқастың туысының бірі «Ауыр халге түскен адамдар осылай жүре бере ме талтаңдап? Соны айтыңызшы өтініш. Сіздің де бауырыңыз бар шығар, сіздің де бар шығар ағаңыз, әкеңіз, анаңыз бар шығар. Сіз біздің орныңызға өзіңізді қойып көріңізші, айналайын бауырым» деп өтінген.

Алайда бұл бас дәрігердің шамына тиіп кеткен болу керек, оны естіген медицина маманы «Маған ақыл айтпа!...», - деп қабылдауына келгендерді балағаттай жөнелген.

Көмек сұрап келгендердің: «Боқтамаңыз, неге боқтайсыз сіз? Боқтағаныңыз үшін жауап бересіз сіз қазір... Біз сіздің алдыңызға көмек сұрап келіп отырмыз, көке. Бір рет емес, бірнеше рет келдік» деген пікіріне бас дәрігер: «Сен жанды сөз айтпа, «блин» деп ашуын жасыра алмаған.

Видеоны көре сала бас дәрігер Мұқан Егізбаевтің тікелей өзіне хабарластық. Алғашында телефон тұтқасын көтеріп, «Алло, бұл кім?» деумен болған ол байланыс құралын қоя салды.

Қайта хабарласқанымызда қоңырау барғанымен, онымен сөйлесу мүмкін болмады. Айта кетейік, Мұқан Егізбаев бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бесінші шақырылымындағы депутаты атанған. 20 наурызда өтетін сайлауда тағы да бағын сынамақ.

 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Назарбаевтың жиені Әлиевтің жұмыстан не үшін кеткені белгілі болды

Астана қаласы әкімінің орынбаары болған Нұрәлі Әлиевтің қызметінен кету себебі белгілі болды. Лауазым иесінің жұмыстан кетуіне ешкім түрткі болмаған. Бұл туралы ол отандық ақпарат құралдарының біріне ...

Korrespondent.kz Саясат

Шымкент жаңбыр суының астында қалды (фото+видео)

Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала кәдімгідей өзенге айналды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы 2740 теңгеге сауда жасады

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Greenwich» гипермаркетін аралап, бешбармақ кеспесін, қарақұмық пен шай, қаймақ, нан, ірімшік, қымыз сатып алды...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Кәсіпорындардан жұмысшылар санын қысқартпауды сұранып, жан-жақты бақылау болса да, биыл 500-ге жуық азамат жұмыссыз қалады деген болжам бар. Мұндай санды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter