Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: «Олимпиадаға сен баруың керек десе, мен дайынмын»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 20 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: «Олимпиадаға сен баруың керек десе, мен дайынмын»

  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Қазақстандық кәсіпқой бокс-шы Қанат Ислам Риода өтетін Олимпиадаға қатысу, қатыспау туралы пікірін «Ойшоғыр» ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты. Бүгінде АҚШ-та жаттығу жасап жүрген боксшымен байланысу портал үшін оңайға соқпағаны белгілі. Журналистің «Риоға барып, ел намысын қорғау қаншалықты мүмкін болып тұр?» деген сұрағына спортшы қазақ елінің көрсеткен қолдауына алғыс айтудан бастаған. 

«Елдің ықыласына, қолдауына рахмет. Мені іздейтін қазағымның барына шүкір. Елдің ықыласы жеңіске жетуіме сенім ұялатып, серпін береді. Қазір мен АҚШ-та келесі жаттығуыма дайындалып жатырмын. Бұйыртса, жекпе-жек келесі айдың сегізіне деп жоспарлануда. Әрине, мен үшін Олимпиаданың орны бөлек. АҚШ-та да көк туды желбірету үшін жүрмін ғой. Бірақ Олимпиада ойындарында әнұранды ойнату ол бөлек нәрсе. Ол бөлек қуаныш. Қазір менің салмағымда Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы інілерім өнер көрсетіп жүр. Екеуі де жақсы жігіттер. Олар бокс әлемінің жарық жұлдызына айналатынына сенемін. Тілекшімін» – дейді Қанат. Сондай-ақ, кәсіпқой бокс-шы өз сөзінде жоғарыда атап өткен қос қазақ баласының жолына кедергі болғысы келмейтінін жасырмаған. 

«Шынымды айтсам, сол екі інімнің жолын кескім келмейді. Әрине, маңдайға жазғаны болады. Егер, «Қанат, Олимпиадаға елдің атынан сен баруың керек» десе, мен дайынмын. Бәрін тастап баруға әзірмін. Биылғы дода өте тартысты болмақ, Олимпиадада өнер көрсететін бауырларыма тек сәттілік тілеймін. Көк туды желбіретіп, ел қоржынына көп алтын салады деп сенемін», – деп атап өтті Қ.Ислам. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Жындыханаға жатқызылған Маржан Тұрлыбаеваның дені сау болып шықты

Өмірінің соңына дейін Түркістандағы жындыханаға жабылған бойжеткен Маржан Тұрлыбаеваның ақыл-есі кем емес болып шықты. Яғни, 19 жастағы бойжеткеннің қоғамға ешқандай қаупі жоқ. Соңғы тағайындалған сар...

Korrespondent.kz Қоғам

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: «Олимпиадаға сен баруың керек десе, мен дайынмын»

Қазақстандық кәсіпқой бокс-шы Қанат Ислам Риода өтетін Олимпиадаға қатысу, қатыспау туралы пікірін «Ойшоғыр» ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты. Бүгінде АҚШ-та жаттығу жасап жүрген боксшымен...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Спорт

«Мәслихатқа есі түзу адам бара ма?»

Әлеуметтік желілердің бірінде қазақстандық танымал саясаттанушы Айдос Сарым сайлауды ұйымдастырушылардың әрекетіне таң қалған. Оған саяси науқанға қатысу туралы алған шақыртуы себеп болыпты.  ...

Жансая АКБАЛИНА Оқиғалар

Риода Қазақстан неше медаль алуы мүмкін?

Биыл тамыздың 5-і күні сонау Латын Америкасындағы алып ел – Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. 21 тамызға дейін жалғасатын додада 110-нан астам қазақ...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter