Танымал продюсер эгоистік идеясы үшін халықтан кешірім сұрады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 15 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Танымал продюсер эгоистік идеясы үшін халықтан кешірім сұрады

Фото: baq.kz

Танымал продюсер Серік Абас-Шах 15 сәуірді Ғашықтар күні ретінде тойлау туралы ұсынысы эгоистік идея екенін жасырмай айтты. Яғни, телевизия маманы бұл идеясы қалай пайда болғанын «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

Жазба авторы Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өзінің өмірінен сыр шертетін әңгімені баяндай келе, 2000 жылдың 15 сәуірі бүгінгі жұбайының маңдайынан алғаш рет сүйіп, бақыттан басы айналған күн екенін жазған. 

«...Тағы бір сөйлесіп көрсем қайтеді деп дәмеленіп қоямын. Жүрек деген сыздап, мұздап... Несін айтам, басыңыздан өткен шығар? Бір айдан соң, тағы кездестік... Тағы да сүмірейіп тұрып, тағы да бірдеңелерді міңгірледім. Жолым болды. Бірінші рет, маңдайынан сүйдім. Бұл 15 сәуір болатын» дейді продюсер. Ол өз постында «Кейін осы датаны басқа сылтаумен махаббат мейрамы деп белгілеп, телеэфир арқылы көрерменге идея тастадым. Мәселеден хабарсыз жұртшылық мұны қуана қабылдады. Қазір жыл сайын тойланады. Көрермен қауым, сол бір эгоистік идеям үшін сіздерден кешірім сұраймын. “Я больше не буду”» деп жазған. Яғни, бүгінде елімізде жыл сайын тойланып келе жатқан Ғашықтар күнінің тарихына осылайша тоқталған ол арада 16 жыл өткен соң халықтан кешірім сұрап отыр. Бұдан өзге телевизия маманы қалай шаңырақ көтергенін және де сол кездегі орыстілді бойжеткеннің бүгінде қазақшасы түзелгенін баяндай келе, барша әйелдерді мерекемен құттықтаған. Мұны оқыған желі қолданушылары продюсер мен оның жұбайына мәңгілік бақыт тілеп, тіпті біреуі құдды бір үнді фильмін көргендей әсер алғанын жасырып қалмаған. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Қатын болуға» құмар әртістердің басшысы өзін сөккен жазушыға жауап беремін деп сынның астында қалды

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова жастармен бір кезекті кездесуінде ер азамат әртістердің әйел рөлін сомдауға құмартып бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Қазақ батыр...

Korrespondent.kz Қоғам

Қазақстандық блогер танымал продюсер Есентаеваға сәлемдеме жолдады

Қазақстандық журналист әрі блогер Берік Сұлтан қазақ спортшыларының тек түрлі жарыстарда жетістікке жетіп, ел мерейін асқақтатқан соң ғана жұртшылық қошеметіне бөленетініне қынжылыс білдірді. Тіпті же...

Korrespondent.kz Қоғам

Жыныс мүшесін ауыстырудың үкімі қандай?

Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы  Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзе...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер эгоистік идеясы үшін халықтан кешірім сұрады

Танымал продюсер Серік Абас-Шах 15 сәуірді Ғашықтар күні ретінде тойлау туралы ұсынысы эгоистік идея екенін жасырмай айтты. Яғни, телевизия маманы бұл идеясы қалай пайда болғанын «фэйсбук» әлеуметтік ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter