КТК-ның бұрынғы басшысы сайлау комедияға айналғандықтан, оны өткізудің түкке қажеті жоқ деп санайды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

КТК-ның бұрынғы басшысы сайлау комедияға айналғандықтан, оны өткізудің түкке қажеті жоқ деп санайды

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

КТК телеарнасының бұрынғы басшысы, қоғам белсендісі Арман Шораев елімізде өткелі жатқан Мәжіліс және мәслихат сайлауларын мүлдем өткізбей, тоқтатып тастауды ұсынды. Оның пікірінше, "Нұр Отан" партиясының осынау саяси науқанда жеңіп шығатыны айдан анық. Сондықтан, "нұротандық" үміткерлерді сайламай-ақ, тағайындай салу әлдеқайда тиімді дейді ол, деп жазады SKIFNEWS.KZ.

 

Айта кетейік, кеше Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттағы депутаттық орындарға кандидатурасын ұсынған бірқатар үміткерлерді науқаннан шығарып тастаған болатын. Басты себеп - салықтық декларациядағы мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі. Ал, Шораев болса мұның түкке тұрғысыз себеп екенін айтып отыр.

"Мен сайлауды өткізудің мүлдем қажеті жоқ екенін айтқым келеді. Оның орнына "Нұр Отанның" үміткерлерін тағайындау керек. Әрі миллиардтаған қаржыны үнемдейміз. Шаш ал десе, бас алатын сайлау комиссиялары сайлауды кезекті комедияға айналдырғаны өкінішті. "Қойлардың" тобында 2-3 ешкінің болуы, олардың басқаша мәңіреуі мемлекетке қандай қауіп туғызады?" - деп жазды Арман Шораев өзінің Фэйсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, кандидаттар тізімінен шығарылғандардың бірі - Аида Жексенова. ОСК оны салықтық декларациясын дұрыс толтырмаған деп айыптап, сайлаудан аластатыпты. Ал, бұған дейін аталған кандидат Астананың сайлау комиссиясын қатаң сынға алған болатын. Оның айтуынша, комиссия өкілдері сайлауды өткізу нормаларын қатаң бұзған.

А.Жексенованы салықшылар зейнетақы қорына түсіп келген қаражатын дұрыс көрсетпеген дейді. Ал, үміткердің өзі болса ХҚКО-дан соңғы екі жылдың анықтамасын алып, декларацияны дұрыс толтырғанын айтып отыр. Салық мамандарының айтып отырған артық 150 мың теңгесінің қайдан шыққанын білмеймін дейді ол. Енді жақын күндері А.Жексенова Президенттің атына хат жазып, әділдіктің орнауын талап етпек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

жанарбек
0 жанарбек 10.03.2016 11:06
осындай сайлау алды былық Туркестан қаласында орын алып жатыр екен
Жауап беру
Бақыт
0 Бақыт 10.03.2016 12:24
Сайлауда болып жатқан олқылықтарды дереу шешу керек. Барлық талапқа сай адамдар сайлауға қатысуға құқылы.
Жауап беру
Жанболат
0 Жанболат 10.03.2016 14:37
сайлаудан көрі тағайындау салыу оңай болғанмен,дуние жузіне демократия бар дегізіу үшін,қолдан соққан партияларды кіргізіп қойған,ертең айтқанға жақсы,бізде 6 партия қатысып,Мәңгілік елдің,Мәңгілік Нұр отан партиясы жеңіп шықты дейді,
Жауап беру
Асыл
0 Асыл 10.03.2016 18:27
Нур отаннын мангi лiк екенiне куманiм бар..
Жауап беру
Меруерт
0 Меруерт 23.03.2016 20:42
Дұрыс айттың, айналайн Арман. Тегін емес қой Ардақты Еркін Ауелбековтың жерлесі екенің. Сені арқашан сол кісінің аруағы қолдап жүрсін.
Жауап беру
Мирон
0 Мирон 24.03.2016 18:00
Дұрыс айтасыз қазақстанда нурсултанмен нуротан тұрғанда сайлау бесполезно
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter