ОҚО-да барлық полицей қыз-келіншектерге қаржылай сыйлық берілді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да барлық полицей қыз-келіншектерге қаржылай сыйлық берілді

Фото: ОҚО ІІД баспасөз қызметі
Фото: ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Халықаралық әйелдер күні мерекесінің құрметіне салтанатты жиын болып өтті, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.  


2016 жылғы 5 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-де ұжымдағы әйелдер қауымына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынды ашқан ОҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сырым Абдуллаев өз құттықтау сөзінде, әйел-полицейлердің маңызды роліне ерекше тоқталды. Қиындығы басым қызмет пен отбасының ұйытқысы болуды қатар алып жүрген аруларға алғыс айтты. 
Сонымен қатар, Сырым Абдуллаев еліміздің барша аруларын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, денсаулық, махаббат, жұмыста табыс, әрбір отбасына амандық пен тыныштық тіледі.
Ашылу сөзінен кейін, ОҚО ІІД-нің бастығы полиция генерал –майоры Асқар Оспанов ҚР Ішкі істер министірі Қ.Қасымовтың әйелдер қауымына арнаған құттықтау сөзін жеткізді. 
Содан соң, қызметте жоғары көрсеткіш көрсеткен департаменттің 15 қызметкерін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-де қызмет атқаратын 380 әйел қызметкерлерге ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ, қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза тапқан тәртіп сақышалырының аналары, жарлары, қыздарына да бағалы смыйлықтар тарту етілді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter