Журналист: "ОҚО әкіміне Шәмші ағамыздың әруағы риза шығар"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Журналист: "ОҚО әкіміне Шәмші ағамыздың әруағы риза шығар"

Шымкенттік журналист, "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газетінің бас редакторы Абай Балажанның айтуынша, Отырар ауданындағы Шәмші ауылына баратын жолдың тарихы тереңде. Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың кезінде қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяовтың өтінішімен салынған жол бүгінде облыс әкімі Атамқұловтың тікелей мұрындық болуымен жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында тарихқа толы тебірентер ойымен бөлісті.


"...Менің шаңырағым атақты Шәмші Қалдаяқовтың өмірінің соңғы жылдарында Шымкентте түсетін бір үйі болды. «Ұзақты түн сырласатынбыз» десек, оған бәрібір ешкім сенбес, бірақ бәрібір екеуара әңгіме әдебиет пен өнердің төңірегінен басталып, ауылға, ауылдың адамдарына келіп тұйықталатын. Бір күні «Абайжан, сен осы біздің ауылды Шымкентпен жалғайтын жолды кім салдырғанын білесің бе?» деді, жарықтық. Ойымда ештеңе жоқ, «өкімет салғантын дә» дей салдым. «Ал, сол өкіметке кім айтыпты?» деп үстемеледі Шәмші ағам. «Білмейді екем...» деп күмілжідім.
Сосын атақты композитор бір шешілді дейсіз, бір көсілді дейсіз" деп жазды журналист. Сондай-ақ, автор Алматыдан келген Шәмші Қалдаяқовтың сол кезде облыстық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқаратын Жамалбек Шәймерденовтің ұсынысымен Асанбай Асқаровтың қабылдауында болғанын атап өткен. Автордың жазуынша, қабылдау барысында Асқаров Қалдаяқовқа: «Шәмші, менің алдыма келген адам мәселемен келеді. Және менің алдыма келген соң ол мәселе қандай қиын мәселе болса да шешілуге тиіс. Қысылма, не бұйымтайың бар, айт!» деп айтқан. Сонда композитор: "...Жеке басыма ештеңе керек емес. Менің ауылым мынау Қызылқұм ауданындағы «Темір» кеңшары. Алматыдан айында-жылында бір келгенімде небәрі 110 шақырым шығатын ауылыма жету бір мұң. Себебі Арыс жақтан да, Шәуілдір жақтан да баратын жол жоқ. Мені қойыңызшы, айында-жылында бір келемін, ауылдастарыма обал, Шымкентке келіп-кетулері үшін жарты өмірлерін өксітеді" деп жауап беріпті. Содан партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров бірден бұл мәселені шешіп берген. Ал журналистпен әңгіме құрған композитор өз сөзінде "Міне, бүгін сендер ауылға барып жүрген жол осылай салынған! Айтқандай, ертең мен өлген соң сол жолды менің атыммен атарсыңдар" деп ұсыныс тастаған. Алайда сол жол қырық жылдан бері әбден тозығы жетіп, жұртшылықты әбіржітіп тынған. 2012 жылы аталған жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарға енгенімен, қаржы дағдарысына байланысты жұмыс тоқтап қалыпты.
Бір күні Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі әкімі Бейбіт Атамқұлов Шәмшінің ауылы орналасқан Отырар ауданына іссапармен барып, тұрғындармен кездескен.
"Кездесуде топтың ішінен біреу «мынау Шәмші ауылына баратын жолдың жол деген аты. Сол жерге барып келген күннің ертесіне міндетті түрде машинамызды жөндетеміз» деп қалады. Сол кездесуде әкімге өте жақын жерде тұрған Мақсат Нақыпбеков «Атамқұлов қасындағы атқамінерлерге «Шәмші Қалдаяқовтың ауылына баратын жол жоқ деген ұят емес, қылмыс! Басқа жұмыс істелінбесе де сол жұмысты бітіріңдер!» дегенді анық айтты» дейді. Атамқұлов расымен солай айтты ма, айтпады ма, білмейміз, бірақ төрт жылдан бері мызғымай жатқан жұмыс бір жылға жетпейтін уақыттың ішінде бітуге таяды. Қазір Шәуілдір жақтан келетін екі-үш шақырым, Арыс жақтан келетін екі-үш шақырым жерден басқа тұсының бәрі даңғырап жатыр" деп жазды Абай Балажан. Тіпті сөз соңында автор ауыл жұртының әкім Атамқұловқа деген ризашылығын да жеткізді.
"Кешегі оразаның соңғы күндерінің бірінде ауылға барып, ауызашар бердік, әке-шешемізге құран бағыштадық. Ауылға барсам сөйлемеуге, қайта көбірек тыңдауға тырысамын. Қариялар жолды айтып отыр. Сөздерінен разылық лепес ақтарылады. «Асқаровтан кейін бұл жолды Атамқұлов қайта салып берді ғой» деп сыртынан бата беріп жатыр. «Адамның адамшылығы жұмысты қалай бітіргенінен емес, қалай бастағанынан білінеді ғой» дейді біріне бірі. Ал, мен ішімнен Атамқұлов әкімге Шәмші ағамыздың әруағы риза шығар» деп ойладым... Адамның адамшылығы демекші, Атамқұловтың адамшылығы Шәмшідей талантты құрметтей білуінде жатқан шығар..." деп ойын түйді автор.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тыңдармандарымен суретке түспей қойған Алтынай Жорабаева аяқ киімін шешіп жүгірген

Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде өзін сөгіп, тіпті ренішін білдірген тыңдарманына ақталып әлек болды. Қымбат есімді желі қолданушысы әнші Алтынайды суретке түспей қойғаны үшін өзімшіл деп атаған.  ...

Korrespondent.kz Мәдениет

Журналист: "ОҚО әкіміне Шәмші ағамыздың әруағы риза шығар"

Шымкенттік журналист, "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газетінің бас редакторы Абай Балажанның айтуынша, Отырар ауданындағы Шәмші ауылына баратын жолдың тарихы тереңде. Оңтүстік Қазақстан облысы партия к...

Korrespondent.kz Қоғам

Оңтүстік Қазақстанда гастарбайтерлер жұмыс берушіні пышақтап, 2,5 млн теңгесін қолды етті

Оңтүстік Қазақстанда жалдама жұмысшылар жұмыс берушінің бірнеше жерінен пышақтап, 2,5 миллион теңгесін қолды еткен. Осы оқиғаға қатысы бар бір күдікті ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық І...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Атамқұлов 84 түлекті тегін оқытатын болды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 84 түлекті тегін оқытатын болды. Яғни,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 84 мектеп бітірушісіне ақысыз оқуға мүмкіндік беретін облыс әкімінің білім гран...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter