Оңтүстік Қазақстанда гастарбайтерлер жұмыс берушіні пышақтап, 2,5 млн теңгесін қолды етті
Оңтүстік Қазақстанда жалдама жұмысшылар жұмыс берушінің бірнеше жерінен пышақтап, 2,5 миллион теңгесін қолды еткен. Осы оқиғаға қатысы бар бір күдікті ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оқиға 2016 жылдың 5 шілдесі күні, күндізгі уақытта Қазығұрт ауданында орын алған. Қазығұрт АІІБ-нің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан жергілікті жердің 1976 жылы туылған азаматшасы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен полицейлердің жәбірленушінің сөзі бойынша анықтағаны, 40-жастағы жәбірленуші жұмысшыларды үйіне жалдамалы жұмысқа алған. Олар жәбірленушіге пышақ жарақтын салып, байлап, содан соң 2,5 миллион теңге ақшасын қолды еткен.
Аталған жайт Қазығұрт АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 192-бабымен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді.
Полицейлер жедел-тергеу тобы құрып, жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі 1994 жылы туылған Өзбекстан азаматын құрықтады.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар 1986 жылы туылған Өзбекстан азаматшасын қолға түсіру шараларын жалғастыруда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- ОҚО
- ЮКО
- ОҚО ІІД
- ДВД ЮКО
- гастарбайтер
- өзбекстандық жұмысшылар
- Корреспондент
- қызық ақпарат